Шетелдегі қандастарға арналған «Ата жолы» картасы енгізілді

7.jpg 

Шымкентте жыл басынан 766 отбасы тарихи отанына оралып, 1 мыңнан астам этникалық қазақ "қандас" мәртебесін алды. 6 айға қандас мәртебесін ұзартқандар саны 47 отбасынан 62 адамды құраған.

Қалалық жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасары Сабыржан Арапбайдың БАҚ өкілдеріне арналған брифингі барысында қоныс аударған қандастарға көрсетіліп жатқан әлеуметтік қолдау барысы баяндалды. Спикердің айтуынша, қандас мәртебесін алған азаматтардың 612-і ер адам және 584 әйел адам. 400-ге жуығы 18 жасқа дейінгі жастар, 93 зейнеткер және қалған 712 адам еңбекке қабілетті азаматтар. Оның ішінде 121 адам жоғары білімді, 328 орта арнайы білімді, 226 азамат жалпы орта білімді.

Қандастардың басым бөлігі Өзбекстан Республикасынан қоныс аударғандар. Көрші елден 1166 адам қоныс аударып отыр. Қытайдан – 16 адам, Ресейден –8 азамат, Қырғызстаннан – 1 және Ауғанстаннан 2 адам келген. Тәжікстаннан 1 және Туркиядан 2 адам қоныс аударған. Қоныс аударған қандастардың басым бөлігі құрылыс саласында, сауда – саттықпен және басқа да жалдамалы жұмыстармен айналысуда. Шымкентте оларға қолдау көрсету мақсатында 2008 жылдан бері "Қандастарды бейімдеу және ықпалдастыру орталығы" жұмыс істейді. Сала мамандары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қандастар мен олардың отбасыларына 6 ай бойы бейімдеу және әлеуметтік қолдау көрсетеді. Қалалық «Еңбек мобильділігі» орталығы тарапынан 86 адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен қамтылған. Атап айтқанда бос жұмыс орындарына, жастар практикасы және әлеуметтік, алғашкы және қоғамдық жұмыс орындарына жолданған. 46 адам «Бастау Бизнес» жобасы шеңберінде білім алған.

Биылдан бастап Әлеуметік Кодекс аясында қандас мәртебесін берудің жаңа тәсілі енгізіліп отыр. Құжаттар Қазақстан Республикасының шет елдердегі өкілдігі арқылы "бір терезе" қағидаты арқылы қабылданатын болады. Сондай-ақ тарихи отанымен байланысты нығайту мақсатында шет елде тұратын этникалық қазақтарға Қазақстанда еңбек етуге және кәсіпкерлікпен айналысуға мүмкіндік беретін «Ата жолы» картасы енгізілді. Аталған картаның иесіне елге кіру үшін ұзақ мерзімді виза алу құқығымен беріледі.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер