Нашақорлық- жеке тұлғаның жалпы жеңілісі, сонымен қатар ол көптеген жағдайларда физикалық денсаулықтың асқынуларымен бірге жүреді. Есірткі қабылдайтын адам біртіндеп өзін-өзі бағалауды жоғалтады; өзінің ең жақсы адамгершілік қасиеттерін бұзады; психикалық тұрғыдан қалыпты болмайды; достарын, содан кейін отбасын жоғалтады; мамандық ала алмайды немесе бұрын иелік еткен кәсіпті ұмыта алмайды; қылмыстық ортаға қатысады; өзіне және айналасындағыларға бақытсыздықтың тұңғиығын әкеледі
Қазіргі заманның жаһандық мәселесіне назар аудару және тұрғындардың, әсіресе жастардың арасында есірткі заттарын пайдалануға теріс көзқарасты қалыптастыру мақсатында Шымкенттегі Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Мамандандырылған колледж бен Инновациялық-технологиялық колледж жастары арасында кездесу ұйымдастырылды.
Кездесуге Шымкент қаласы Психикалық денсаулық сақтау орталығының нарколог дәрігері Перизат Ермаханова, ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығының маманы Жүргенбаева Назира, Шымкент қаласы №3 спорт шеберлігі мектебінің Пенчак Силак спорт түрінің жаттықтырушысы Садыков Бахтияр, Шымкент қаласы №3 спорт шеберлігі мектебінің спортшысы, Азия чемпионы және Әлем чемпионының жүлдегері Иманов Азизбек қатысты.
Жиын барысында ЖИТС орталығының қызметкері кәмелетке толмағандар жастар арасында нашақорлық, АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу мәселелері жайында толыққанды мағлұмат берді. ЖИТС-тің адам өміріне тигізер кері әсерлері мен одан сақтану жолдарын түсіндірді. Сондай-ақ, сала мамандары жаман әдеттерден аулақ болып, салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.