«Бейбітшілік және келісім» жобасы жүзеге асуда

16.jpg 

Этносаралық, әлеуметтік қақтығыстардың алдын алу, негізгі бағыттар бойынша өңірлердегі мәселелерді анықтау, нақтылау және оларды шешу мақсатында ҚРАқпарат және қоғамдық даму министрлігі тарапынан «Бейбітшілік және келісім» жобасы басталған болатын. Жоба шеңберінде Шымкент қаласы әкімдігі жанынан жұмыс тобы құрылды.

 «Шымкент келбеті» басылымының хабарлауынша, осы жоба аясында мегаполистің  Тұран ауданы, Карл Маркс тұрғын алабындағы №48 жалпы орта мектебінің ғимаратында тұрғындармен кездесу өтті.

Қабылдауда қалалық ішкі саясат және жастар істері, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, білім, кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму, дін істері басқармалары мен құқық қорғау органдарының жауапты қызметшілері тұрғындардың мәселелерін тыңдап, шешу жолдарын қарастырды.

–Бүгінгі іс-шара «Бейбітшілік және келісім» жобасы аясында өтіп отыр. Кездесу тұрғындардың талап-тілектерін тыңдап, өтініштерін басшылыққа жеткізу мақсатында қолға алынған. Қабылдауда мәселенің мүмкіндігінше оң шешімін табуын қарастырамыз. Сала басшылары мен арнайы мамандардан құралған жұмыс тобы тұрғындар арасында этносаралық келісім,әлеуметтік және еңбек проблемаларын шешу, халықтың денсаулығы, халыққа білім беру, бизнес ортаны дамыту, конфессияаралық келісім, заңдылық, тәртіп және қауіпсіздік сынды жеті бағыт бойынша қабылдау жүргізеді, – деді «Қоғамдық келісім» мекемесінің басшысы Ербол Байқонақов.

Жиынға ауыл тұрғындары көптеп жиналды. Тұрғындар жеке және қоғамдық мәселелерге қатысты сауалдарын тиісті мекеме басшыларына жолдап, талқылады.

Айта кетейік, бұл ашық кездесу қаланың өзге аудандарында да жалғасады.

 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер