“AMANAT” партиясы Шымкент қалалық филиалында саяси менеджмент академиясының ұйымдастыруымен “Әйелдердің ауылдағы кәсіпкерлігі” тақырыбында семинар-тренинг басталды. Өңірлерде өз кәсібін астағысы келетін әйелдер үшін тартырмас мүмкіндік десек те болады. Бизнес тренерлер 2 күн бойы түрлі тақырыптар аясында қатысушыларға құнды ақпарат ұсынады.
Кәсіпкерлік саласындағы әйелдердің экономикалық мүмкіндіктерін кеңейту гендерлік теңдікке қол жеткізуде, әйелдер арасындағы кедейлікпен күресте және әйелдер жұмыссыздығы проблемасын шешуде маңызды мәнге ие болады. Қазақстан бұл бағытта белсенді саясат жүргізуде.
Күні кеше «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалында мегаполистің қоғамдық-саяси өміріне белсенді қатысып жүрген әйелдер қауымының активі өткен болатын. Жиынға партия Хатшысы Шолпан Каринова арнайы қатысып, әйелдер қанаты құрылды. Аталмыш ұйымның Шымкент қаласындағы төрайымы ретінде өңірде әйелдер қауымының барлық бастамасына қолдау білдіруге дайынмын.
Бүгінгі семинар-тренингтің де негізгі мақсаты - нәзікжандылардың қаржылық сауаттылығын арттырып, бизнес жоспар құруды үйрету, бизнестегі маркетингтік стратегияларды меңгеруге баулу. Осылайша әйелдердің шағын және орта бизнесте қатары артып, ел дамуына өз үлесін қосатынына бек сенімдімін.
«AMANAT» партиясының «Отбасы мәселелері және халықты әлеуметтік қорғау» жөніндегі республикалық кеңесінің төрайымы Д.Закиеваның хаттамалық тапсырмасына сәйкес, филиал жанындағы аймақтық кеңес төрайымы Э.Созақбаеваның ұйымдастыруымен «Жастар рухы» Жастар қанатымен бірге «Қауіпсіз инфрақұрылым» акциясы аясында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қаладағы люктер мен жаяу жүргіншілер жолы, қойылған белгілерге және аулаларға зерделеу жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, зерделеу барысында аудандық филиалдар жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының мүшелерімен бірге Абай, Әл-Фараби, Еңбекші, Қаратау және Тұран аудандарының аумағында ашық люктерінің бар екені анықталған. Аудандық партия филиалы тарапынан әкімдіктеріне кемшіліктерді түзету үшін хаттар жолданып, тез арада шешілуін бақылауға алғанын ескертті. Бұл зерделеу жұмыстары бойынша айдың соңына дейін қайта қарастыратындарын жеткізді. Анықталған кемшіліктердің жойылғаны туралы нақты мәліметті қайта жолдайтындарын айтты.