Жастардың жанашыр мамандары марапатталды

image.png

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үнемі  еңбекқорлық, білім культін дәріптеу қажеттігін айтып отырады. Осы ретте «Еңбек адамдарын» ұлықтау аса маңызды.  Әділетті қоғамда  ең бірінші кезекте сала мамандарына олардың атқарып жүрген жұмыстарына көңіл бөліну қажет. Бұл еліміздің өркендеуіне септігін тигізеді. Еңбек адамы құрметке ие болса, қоғам жаңарып, мемлекетіміз дамудың даңғыл жолына түседі. Еңбек адамына құрмет қай кезде де ерекше. Олардың орны қай кезде де биікте болуы керек. Қазақта «Адам еңбегімен абыройлы, мінезімен қадірлі» деген сөз бар. Еңбек пен мінез ұштасқан кезде қоғам да, адам, отбасы да дамиды.

Осы орайда Шымкент қаласының Жастар ресурстық орталығының адал еңбек етіп жүрген мамандары Шымкент қалалық филиалының “Қызмет” салалық кәсіподағы тарапынан марапатталды.  Аталған іс-шара қоғамдағы еңбек адамдарының қызметін дәріптеу, жастарды еңбексүйгіштікке тәрбиелеу, еңбек адамдарын құрметтеу, түрлі мамандық иелерін мадақтау мақсатында ұйымдастырылды.

Орталық мамандарына “Қызмет” салалық кәсіподағы құрмет грамоталарын, алғыс хаттар мен “Еңбек озаты” төсбелгілерін табыстады. 

«Шын мәнінде, қандай жұмыс істеп жүргенің емес, оны қалай істеп жүргенің әлдеқайда маңызды. Министр немесе әкім болсын, құрылысшы, дәрігер, мұғалім болсын, ең бастысы, әркім өз міндетін адал атқаруы керек. Нанын адал еңбекпен табуы керек», – деп Президентіміз атап көрсеткендей әр мамандықтың, еңбектің алдындағы парызымыз, ол – адалдық. Қажетсіз мамандық болмайды, біліксіз маман болады. Ерінбей еңбек еткен жан өз ісінің майталманы атанады. Ал кәсібін толық меңгерген адам қашанда сұранысқа ие болады. Біз еңбек адамының мәртебесін көтеруге баса мән беруіміз керек»,- деді ұйымдастырушылар.

     Әрдайым жастарға жалын беріп, жол көрсетіп, арман-мақсаттарын шыңдауға көмек беретін, қала жастарын масылдықтан арылуға, еңбек етуге, білім алуға, кәсіп бастауға, салауатты өмір салтын ұстануға, патриот болуға шақырып жүрген орталық мамандарының расында да еңбектері адал. 

Ұжымның тынымсыз еңбегі мен кәсібилігі әрдайым жоғары бағалана берсін деп тілейміз. 

    Еңбек адамын ұлықтау – болашаққа деген сенімді нығайтады. Әрбір ұстаздың, дәрігердің, құрылысшының, агрономның, тазалықшының, мемлекеттік қызметкердің — барша еңбек майталмандарының еңбегі құрметке лайық! 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Білімді жастарға қолдау бар
  • Тазалық жаршылары құрметке лайық жандар
  • Отбасылық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге қолдау көрсетіліп келеді
  • Қауіпсіз қоғам – бақытты болашақ
  • Әрбір нысан қаланың ажары
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер