Спортты дамыту басты назарда

image.png

Жалпы халықтың спортпен айналысуы ел халқының сау денелі болуына әсер еді. Сау денелі, сапалы ұлт қана мәңгілік ел мұратын орындай алмақ. Шымкент қаласында бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау және спорт инфрақұрылымын жетілдіру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі таңда қалада 35 спорттық ұйым жұмыс істейді. Бұл мекемелерде спорттың 73 түрі дамып жатыр, оның ішінде 36 олимпиадалық, 27 олимпиадалық емес және 10 ұлттық спорт түрі бар. Аталған ұйымдарда 19 176 спортшыны 1130 штаттағы жаттықтырушы оқу-жаттығу сабақтарымен қамтып отыр. 2025 жылға дейін қалада 61 бұқаралық спорттық іс-шара өткізу жоспарланған. Қазіргі таңда оның 14 ұйымдастырылса, жыл соңына дейін тағы 47-сін өткізу көзделіп отыр. Сонымен қатар, мемлекеттік спорттық тапсырысты жан басына шаққандағы қаржыландыру бағдарламасы аясында 18 000 ваучермен қамту жоспарланған.

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков тұрғындармен өткізген көшпелі кездесу барысында қала аумағында бұқаралық спортты дамыту және заманауи спорт инфрақұрылымын қалыптастыру мәселелері қаралды.

Кездесу барысында бірқатар шағынаудандардың тұрғындары спорттық нысандарға қатысты өз ұсыныстарын білдірді. Атап айтқанда, Бозарық шағынауданының тұрғыны Нұрлан Уткелбаев ауданда спорт кешенінің жоқ екенін атап өтті. Азат шағынауданының тұрғыны Мақсат Тоғызбаев та өз ауданында заманауи спорт кешенін салу қажеттігін жеткізді. Сонымен қатар, Әл-Фараби ауданының тұрғыны Қарлығаш Рахиева Орталық саябақта спорттық іс-шаралар өткізу қажеттігін айтты.

Қала басшысы  ұсыныстарға назар аударып, тиісті тапсырмаларды  қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасына, сондай-ақ аудан әкімдіктеріне жүктеді.

Бүгінде Бозарық шағынауданында заманауи спорт кешенінің жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленуде. Жоба мақұлданған соң құрылыс жұмыстары 2026–2027 жылдарға жоспарланған.

Азат шағынауданында спорт кешенін салуға арналған жер телімін анықтау жұмыстары жүргізілуде.

Бұқаралық спортты кеңінен насихаттау және тұрғындарды салауатты өмір салтына баулу мақсатында 1 қазан -Халықаралық қарттар күніне орай Орталық саябақта шахматтан қалалық турнир өткізу жоспарланып отыр. Аталған іс-шараға түрлі жастағы қала тұрғындары мен ардагерлер қатысып, зияткерлік бәсекеде бақ сынайтын болады.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Поддержка гражданами политического курса Президента Токаева остается на высоком уровне
  • Ел арасында Президент Тоқаевтың саяси бағытын қолдау жоғары деңгейде сақталып отыр
  • Тыл ардагері Қазына Бектемісованың еңбек жолы ұрпаққа үлгі
  • Шымкент қаласында «Келешек мектебі» үлгісіндегі жаңа мектеп іске қосылды
  • Балаларға шипа, ата-анаға сенім сыйлаған дәрігер
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер