Колледж оқытушылары біліктілігін жетілдірді

image.png   

  Елімізде 2025 жыл "Жұмысшы мамандықтар жылы" деп жарияланды. Бұл бастама жұмысшы мамандықтарының маңыздылығын арттыруға, жастарды осы салаға тартуға және еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша білікті кадрларды даярлауға бағытталған. Бұл - еңбек пен жұмысшы мамандықтары өкілдерінің ел дамуына қосқан үлесін ерекше мойындаудың символы. «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында Шымкент қаласында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Әсіресе жұмысшы мамандарын даярлайтын оқу орындарының оқыту жүйесін, оқу базасын нығайтуға баса назар аударылуда. Колледж студенттері сапалы білім алу үшін мықты педагогикалық кадр болуы шарт. Осы орайда «TALAP» КЕАҚ ұйымдастыруымен «Электрмен қамтамасыз ету» бейіні бойынша техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары педагогтерінің біліктілігін арттыруға арналған бюджеттік курс өтті. Оқытушыларға берері мол аталған курсқа Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты “Энергетика және байланыс колледжі”, “Шымкент аграрлық-техникалық колледжі” және «Политехникалық колледж» педагогтері қатысып, кәсіби шеберліктерін шыңдап қайтты.

 Оқыту Кентау қаласындағы «Alageum» оқу орталығы, «КТЗ» АҚ және «Кентау политехникалық колледжі» ЖМ базасында ұйымдастырылды. Курс барысында қатысушылар заманауи электрмен қамту жүйелерінің құрылымы, қауіпсіздік техникасы, автоматтандыру үрдістері мен энергия тиімділігін арттыру бағытында теориялық және практикалық білім алды. Іс-шараның мақстаны теориялық оқытудың қазіргі заманғы өндіріспен байланысын қамтамасыз ету, мамандық бойынша практикалық жұмыстың қажетті дағдылары мен тәжірибесін алу.

Сабақтарға тәжірибелі мамандар мен өндірістік кәсіпорын инженер-технологтары тартылды. Олар заманауи құралдармен жұмыс істеудің маңызын түсіндірді. Курс соңында  тыңдаушыларға арнайы сертификаттар табысталды.

Энергетиктер елдің тіршілігін қамтамасыз етуде шешуші рөл атқарады. Олар өздерінің күнделікті қажырлы еңбегімен қазақстандықтардың үйлерінде жарық пен жылуды, ұйымдар мен өнеркәсіптік кәсіпорындардың үздіксіз жұмысын қамтамасыз етеді. Біз энергетика саласының дамуына үлкен үлес қосатын мамандарымызды мақтан тұтамыз. Олардың тәжірибесі, білімі мен ісіне адалдығы елдің энергетикалық жүйесінің сенімділігі мен тұрақтылығының негізі болып табылады.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ұлттық аспапты ұлықтаған жан
  • Өмірін жан-жануардың саулығына арнап келеді
  • Спортты дамыту басты назарда
  • 1 миллион шымкенттік сақтандырылған
  • Медициналық көмектің сапасы жоғарылап келеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер