Биыл 2025 жыл - «Жұмысшы мамандықтары жылы». Айтулы жыл аясында республика аумағында құ¬ры¬лыс, ауыл шаруашылығы, өнер¬кәсіп сияқты кез келген салада аянбай еңбек етіп жүрген жұмысшыларға ерекше көңіл бөлініп, мәртебесі артып келеді. Осы ретте жұмысшы мамандықтарға жастардың қызығушылығын арттыру, кәсіптік бағдар беру, салалық колледждер мен оқу орындарында дуальді оқыту жүйесін жетілдіру – уақыт талабы. Өйткені, білікті маман – кез келген өндіріс орнындағы басты ресурс. Шымкент қаласында мектеп оқушыларына әртүрлі кәсіптік қыр-сырымен танысыру арқылы, жұмысшы мамандықтарға қызығушылықтарын арттыру жұмыстары қарқын алды. Басты мақсат - еңбек адамына құрметпен қарау және өскелең ұрпаққа қоғамға ең қажетті кәсіптердің қаншалықты маңызды екенін дұрыс түсіндіру. Себебі ел дамуының берік іргетасы осындай нақты еңбекпен қаланады.
«Су ресурстары-маркетинг» ЖШС-не қаладағы «Дарынды балаларға арналған №1-ші мамандандырылған ІТ лицей-интернатының» оқушылары жиі келеді. Бұл жолы кәсіпорын жұмысымен танысуға жоғары сыныпта биология пәнін тереңдетіп меңгеруші ұл-қыздар ниет етіпті. Кездесуді ұйымдастырған - «Аманат» партиясы «Тұран» филиалының төрағасы, кәсіпорын бас директорының орынбасары Абзал Зейнетаев және жетекші партия филиалының атқарушы хатшысы Бақтыбай Әліпов. Аға буын жастарға мамандық таңдауда нық сенім және дұрыс бағыт алудың қажеттігін әңгімеледі. Кәсіпорында кадрлық резервке, техникалық мамандық иелеріне басымдық беріледі, олардың кәсіби деңгейде өсіп, ізденуіне мүмкіндік көп. Үшінші мегаполис халқын ауыз сумен үздіксіз қамтып, кәріз жүйесі бойынша қызмет көрсетуде заманауи технология, цифрландыру жүйесін ендіру арқылы экологияны жақсарту бағытында да жобалар қолға алынған. Биология пәнін таңдаған ұл-қыздар өздеріне танымдық сағаттың ұнағанын, қажетті мәлімет алғанын айтты. «Біз осы мекемеге келіп, мұражайындағы жәдігерлермен таныстық. Сумен қамту, жабдықтау, кәріз жүйесіндегі жұмыстар қалай іске асатыны туралы көп мағлұмат алдық. Өте қызық болды. Болашақта ғылыми жұмыстармен айналысуға талпынамыз»,- дейді Жания Жақсымбет.
Еңбек адамы барлық құрметке лайық. Осыны мысал еткен кәсіби мамандар жастарды жоғары білім алып, болашақта жауапкершілігі жоғары, стратегиялық маңызға ие кәсіпорында жұмыс істеуге шақырды.