Жұмысшы мамандықтар: Болашақтың негізгі құрылысшысы

image.png

Қазақстанда жұмысшы мамандықтары біраз уақыт бойы төмен бағаланып келді. Өйткені жоғары білім алу және басқарушылық қызметтерге ұм¬тылу басым болды. Бірақ бүгінде пост¬кеңес¬тік елдерде жұмысшы мамандық¬тары қайта бағаланып, сұраныс артып келеді және олардың әлеуметтік мәртебесі де өсуде. Мемлекет тарапынан жұмысшы мамандықтарды насихаттау, техникалық колледждерге қолдау көрсету арқылы аталған салада оң өзгерістер байқалуда. 

Жұмысшы мамандықтарының жаңа дәуірі басталды.  Бұған Президенттің 2025 жылды  «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялауы да жақсы әсер еткендей. Жал¬пы айтқанда Мемлекет басшысының бұл шешімі жұмысшы ма¬ман¬дықтарының экономикадағы маңыз¬ды¬лығын арттыру, еңбек нарығындағы тапшылықты жою және жастарды жұ¬мысшы мамандықтарға тарту мақсатымен байланысты. Сондай-ақ бұл қадам елдегі кадр тапшылығы, индустриализацияның дамуы, жұмысшы мамандықтардың беделін көтеру қажеттілігінен туындады.

  Осы орайда Шымкенттегі  "Индустриалды техникалық колледжінің" шәкірттерге сапалы білім беру мақсатында өзге мекемелермен байланысы нығайып келеді. Айталық білім ордасы Париждің кәсіптік лицейімен байланыс орнатқан. Сондай-ақ "Талдықорған жоғары политехникалық колледжімен"  де  маңызды меморандумға қол қойылған. Бұл меморандум екі колледж арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға және білім беру сапасын арттыруға бағытталған. Бұл келісім кәсіби білім беру саласындағы өзара тәжірибе алмасуды, оқу бағдарламаларын жетілдіруді және жастардың еңбек нарығында сұранысқа ие жұмысшы мамандықтарын меңгеруіне қолдау көрсетуді мақсат етеді.

 Бұл  қадам -  студенттерге жаңа мүмкіндіктер мен жоғары сапалы білім алу үшін қажетті алаңдар мен тәжірибе алмасу жолдарын ашпақ.  Келешекте осы серіктестік екі оқу орнының да дамуына және жастардың кәсіби жетістіктеріне оң ықпал етеді!

  Колледжде 175 білікті педагог кәсіби жұмысшы мамандарды даярлауда тер төгіп келеді. Студенттер алты заманауи  мамандық бойынша білім алады. Оқу тегін, білім алушыларға 43574 теңге шәкіртақы қарастырылған. Бір мезгіл ыстық тамақ пен ыңғайлы жатақхана да бар. Ал студенттер тәжірибені нақты өндіріс орнында алады. Материалдық базасы нығайтылған колледжде -  цифрлық технологиялар, интерактивтік оқу құралдары, заманауи өндірістік құрал-жабдықтар орнатылған.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жиырма жылын су шаруашылығына арнады
  • 39 жылын газа саласына арнаған маман
  • Жұмысшы мамандықтар: Болашақтың негізгі құрылысшысы
  • Ұлттық аспапты ұлықтаған жан
  • Еңбек, кәсібилік, адалдық...
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер