Игі бағдарламалар – халық үшін!

image.png

Ата-бабамыз еңбектің маңызын жете сезініп, өмірден алынған талай мақал-мәтелдерді ұрпақ тәрбиесіне арқау еткен. Оларды балалары мен немерелерінің құлағына құйып, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отырған. Халқымызда «Еңбек – адамның екінші анасы», «Еңбек – ерлікке жеткізеді, ерлік – елдікке жеткізеді», «Ең¬бегі аздың – өнбегі аз, еңбегі көптің – өн¬бегі көп» деген дана сөздер бар.  

Қазір нағыз еңбек ететін заман келді. Бүгін¬гі таңда азаматтардың еңбек етуі үшін елімізде барлық жағдайлар жасалып келеді. Оқу бітірген жас түлектерден бастап, зейнет жасына шыққан жандарға да үкімет жұмыс тауып беруде. Тіпті кәсіптік білім беріп, белгілі бір мамандыққа да баулып жүр.Мұның барлығы тұрғындарды патерналистік көңіл-күйден арылтып, еңбекке баулу мақстанда жасалып отырған игі бастамалар. Мемлекеттің мұндай көптеген мүмкіндіктерінен жұмыссыз азаматтардың бейхабар болуы да мүмкін. Сондықтан мамандар халыққа игілігі көп бағдарламалар жайында ақпараттандыру жұмыстарын ұдайы жүргізіп келеді. Мұндай шараның бірі жақында Шымкент қаласындағы халық көп шоғырланатын “Алаш” базарында өтті. Іс-шара кезінде Абай ауданының  Мансап орталығы мен Жастар ресурстық орталығының мамандары халықпен кездесіп, мемлекеттік қолдау бағдарламалары бойынша жан-жақты ақпарат берді.

Іс-шара барысында тұрғындарға төмендегі бағыттар бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді:

тұрақты жұмыс орындары;

субсидияланатын жұмыс орындары;

қысқа мерзімді кәсіптік оқыту;

мемлекеттік қайтарымсыз гранттар;

өңіраралық қоныс аудару мүмкіндіктері.

Іс-шараның негізгі мақсаты – азаматтарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, мемлекеттік бағдарламалар туралы толыққанды ақпарат беру және жұртшылықты белсенді түрде еңбек нарығына тарту.

Мамандар тұрғындардың сұрақтарына жауап беріп, бағдарламаға қатысу шарттары мен талаптарын кеңінен түсіндірді. Тұрғындардың көкейдегі сұрақтарына жауап берді. Тұрғындар мұндай бастамалардың маңыздылығын атап өтіп, мамандарға алғыстарын білдірді.

Айта кеткен жөн, Шымкент қаласының 2021–2025 жылдарға арналған даму жоспары аясында 21 758 жаңа жұмыс орны ашу жоспарланған (оның ішінде 21 370 – тұрақты, 388 – уақытша). Өткен жылы бұл көрсеткіш 26 482 орын болған. Биылғы жұмыс орындарының 2 610-ы қалалық концепциялар арқылы, ал 19 202-сі жеке бастамалар негізінде құрылмақ.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Масылдықты еңбек қана жеңбек
  • Әлеуметтік нысандардың құрылысы тексерілді
  • Жаяу жүргіншіге де жауапкершілік жүктеледі
  • Аялдама павильондары жаңартылуда
  • Адам саудасына қарсы кең ауқымды ақпараттық жұмыс жүргізілуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер