Еңбек адамы жастар үшін үлгі болуы тиіс. Қоғам адал еңбек етіп, ел дамуына, экономиканың өсуіне үлес қосып жүрген адамдарды тануы және құрметтеуі керек. Қоғамда еңбекке деген құрметті арттыру – жауапты әрі табысты ұрпақ қалыптастырудың негізі. Осы мақсатта жастарға кейіпкеріміз - Шымкент қаласындағы іргелі оқу орны М.Әуезов атындағы ОҚУ-дың басқарма мүшесі, бірінші проректор Құрманғали Сарықұловты таныстырғанды жөн көрдік.
Ердің жасы елуден асқан Құрманғали Рахымбердіұлы саналы ғұмырын заң саласына арнаған азамат. Талай жылдан бері өкшелес әріптестеріне үлгі, тәрбиелеген шәкірттеріне бағыт-бағдар беріп келеді. Ол еңбек жолын 1995 жылы ҚР ІІМ Қарағанды жоғары мектебінде ғылыми қызметкер лауазымынан бастап, 1997 жылы сол оқу орнында оқытушы болады. 1998-1999 жылдар ҚР ІІМ Қарағанды заң институтының адъюнктурасында оқып, кандидаттық диссертациясын қорғайды. 2000-2007 жылдар аралығында ҚР Сыбайлас-жемқорлық және экономикалық қылмыстылықпен күрес жөніндегі Агенттіктің Қаржы полициясы Академиясына кафедра бастығы қызметін атқарып, 2007-2008 жылдар аралығында ОҚО бойынша Сыбайлас-жемқорлық және жконоикалық қылмыстылықпен күрес жөніндегі Департаментінде басқарма бастығының орынбасары және бөлім бастығы лауазымдарында еңбек етті.
2008 жылдан бүгінге дейін М.Әуезов атындағы ОҚУ-де аға оқытушы, кафедра меңгерушісі, бірінші проректор қызметін абыроймен атқарып келеді.
Отбасында 6 перзентін тәрбиелеп, қанаттандырып отырған үлгілі әке, қызметтес-әріптестерінің ортасында үлкен құрмет ие, сыйлы азамат.
Құрманғали Рахымбердіұлы ерге тән адамгершілігімен, адал, сабырлы қасиеттерімен талай асуды бағындырып, жетістіктерге жетіп жүрген еңбек адамы.
Қоғамда еңбектің құндылығын дәріптеу саналы және жауапты азаматтарды қалыптастыруға ықпал етеді. Түрлі мамандық иелеріне құрмет көрсету – еліміздің тұрақты дамуының кепілі. Тек адал және табанды еңбектің арқасында Қазақстан өркендеп, дамудың жаңа белестеріне жете алады. Ал бұл тұрғыда заң саласының мамандары Қазақстанның конституциялы ел ретінде дамуына айрықша үлес қосып келеді. Себебі заң сақталған мемлекетте тыныштық орнайды. Заң бар жерде тәртіп бар. Ал елімізде осы тыныштық пен тәртіпті сақталуына Құрманғали Рахымбердіұлы секілді өз ісінің мамандары зор үлес қосып келеді.