Үзілген үміттерді жалғаған хирург

image.png

Дәрігер мамандығы қателікті кешірмейді. Ант берген соң адал еңбекті талап етеді. 15 жыл медицина саласының көптеген сатысынан өткен шымкенттік  дәрігер  Ержан Байдуллаев осылай дейді. Ол - талай жанның өмірін сақтап, үзілген үмітті жалғаған тәжірибелі хирург. Ақ халатын кірлетпей антына адал болып, елдің алғысын алып жүрген дәрігердің бірі. 

«Шымкент қаласы республикадағы үшінші мегаполис болғандықтан шұғыл түрде жасалатын оталар саны өте көп. Ол науқастарға дер кезінде диагноз қою, шұғыл көмек көрсету кейде қиындық тудырып жатады. Себебі жаңа туылған, бес жасқа дейінгі балаларға диагноз қою оңай шаруа емес. Бірақ біздегі жоғары санатты дәрігерлер дер кезінде қажетті ем дом көрсетіп келеді. Хиругтың жауапкершілігі өте үлкен. Ал балалар хирургіне жауапкершілік екі есе артылады. Бұрын тек шұғыл түрдегі оталарды жасасақ қазір жоспарлы оталарды көбейтіп отырмыз. Күрделі оталарды қажет ететін науқастарды бұрын Алматы, Астана қалаларына жолдайтынбыз. Қазір өзіміз істейміз. Мысалы бауырдағы, бүйректегі  эхинокок құртын лапороскопиялық жолмен алып тастау оталарын жасаймыз. Кіші инвазивті оталарды да жасап жатырмыз»,- дейді Шымкент қалалық балалар клиникалық ауруханасы бас дәрігерінің хирургия ісі жөніндегі орынбасары,  І санаттағы хирург Ержан Байдуллаев. 

Бір тәулікте 20 дан астам ота жасалатын ауруханада Ержан секілді білікті мамандардың арқасында қаншама бала аяққа тұрып кетуде. Ол  - барлық жедел-шұғыл қызметті белсенді атқарады, стационар мен қаланың хирургиялық қызметіне зор үлес қосып келеді.

Кейіпкеріміз медицина қызметкері болуды бала күнінен армандаған. Оқып ,білімін жетілдіріп, қазір өз саласының білікті маманы. «Дәрігер болуды бала күнімнен армандадым. Бірақ нақты қай саланы таңдайтынымды білмедім. Сөйтіп оқып жүргенде практика барысында  ота жасаушы мамандардың жұмысы мені қатты  қызықтырды. Осылайша балалар хирургы боламын деп шештім.  Әр балаға дер кезінде ота жасап, денсаулығын түзеп, аман-есеп ата анасының қолына тапсырсаң біз үшін  одан асқан бақыт жоқ»- деген  Ержан Ерманұлы таңертең жұмысқа келгесін алдымен жансақтау бөліміндегі науқастарды көріп, тексеріп шығады екен. Себебі бұл бөлімдегі балалар өмір үшін күресіп жатқан кішкентай батырлар. 

Бала десе ішкен асын жерге қоятын кейіпкеріміз үшін сәбидің денсаулығы бәрінен де маңызды. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әйелдердің белсенділігі – қоғам дамуының айнасы
  • Масылдықты еңбек қана жеңбек
  • Тұранның тұрғындары риза
  • «Таза Қазақстан»: Шымкентте қала тұрғындары мен жастар кең ауқымды экологиялық акцияға белсене қатыс
  • «Таза Казахстан»: жители Шымкента и молодежь приняли активное участие в масштабной экологической акц
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер