Балаларды ізгілікке бастаушы маман

image.png

Еңбек адамының бейнесі тек физикалық тұрғыда жұмыс істейтін адамдармен өлшенбеуі тиіс. Еңбек адамы – ол адамзатты ізгіліке, мәдениетке, ғылым мен білім жолына шақыратын ойдың да адамы. Сондай жанның бірі -  Шымкент қалалық қуыршақ және жасөспірімдер театрының режиссері, көркемдік жетекшісі Мақпал Малдыбаева.

Театр репертуарындағы 15-тен астам туындының авторы және балаларға арналған 50 шақты қойылымды сахналаған. Ол сахналаған қойылымдар бірнеше рет халықаралық, республикалық кәсіби театр фестивальдерінде жүлделі орындар мен номинацияларға ие болған. 

«Қуыршақ театрында тек балаларға арналған ертегілер қойылуы керек деген қағида бүгінде өзгерді. Қазір театр репертуарында әлем классиктерінің «Кішкентай ханзада», «Гамлет», «Женитьба» секілді ересектерге арналған спектакльдер де қойылуда. Ал, жастар труппасының көмегімен қазақтың ұлы тұлғаларына арналған жаңа қойлымдарды шығардық. Бұл қойылымдар театрды жаңа  биікке көтерген ғажап дүниелер болды. Жақсы туындылардың бізде көптеп көрсетілуі театр ұжымы мен көрермен үшін де өте маңызды. Қойылым соңында көрермен оң бағасын беріп, режиссердің еңбегін  бағаласа, бұл мен үшін үлкен мәртебе»,- дейді кейіпкеріміз. 

 1990-1995 жылдары Әл-Фараби атындағы Шымкент педагогикалық мәдениет институтын бітірген. Оқып жүріп, қазіргі мекемеде труппа меңгерушісі қызметін атқарады. 2002-2004 жылдары Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясының «Өнер, режиссер» мамандығы бойынша магистратураны бітірген. Оқуын аяқтаған соң Шымқалаға қайта оралып, аталған өнер ордасында қоюшы режиссер қызметіне кіріседі.  

«Тәрбиелік мәні зор қойылымдардың арқасында балардың ой-өрісі кеңейіп, ізгі қасиеттер пайда болып, бойларында мәдениет қалыптасады. Сондықтан балаңыз өміріне қажетті ақпараттарды оңай игерсін десеңіз, қуыршақ театрына әкеліңіз дер едік»,- дейді ол. 

 Мақпал Назарбайқызы «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің және көптеген алғыс хаттардың иесі. 

Шымкент қалалық қуыршақ және жасөспірімдер театры 1983 жылы ашылған. Қырық жылдан аса уақыт ішінде театр ұжымы қазақтың қуыршақ театры өнерін өркендету жолында аянбай еңбек етіп келеді. Осы театр арқылы ел ертеңі балалардың өнерге, мәдениетке жақын болып өсуіне  Мақпал Назарбайқызы секілді өнер жанашыры, білікті, шығармашыл мамандар  зор үлесін қосып келеді. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сапалы жолдар - білікті маманның жемісі
  • 25 колледждің базасы нығаяды
  • Текесу тұрғын алабына 14 шақырым су құбыры жүргізілді
  • Көксайлықтар жаңа пәтерге қоныстанды
  • Көліктің «дәрігері» - автослесарь
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер