Сапалы жолдар - білікті маманның жемісі

image.png

Жұмысшы мамандықтар жылы тек атаулы жыл емес, сан жылдар бойы көп еленбей келген қарапайым еңбек адамдарына деген шынайы құрметтің белгісі. Бұл бастама жұмысшы мамандықтарды дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болып қалыптасу идеясын насихаттауды көздейді.  Ел басшысы Қ.Тоқаевтың: «Жұмыстың жаманы жоқ, кез келген еңбек – қадірлі. Ең бастысы, әркім жауапкершілікті терең сезініп, өз міндетін сапалы атқаруға тиіс. Сонда ғана еліміз дамудың сара жолына түседі. Кәсібіне адал әрі жауапкершілікпен қараған адам қашанда лайықты бағасын алады. Бұл түсінікті қоғам санасына сіңіру қажет »,- деген болатын. Жұмысшы мамандықтар – елдің тыныс-тіршілігін қалыптастырып тұрған көзге көрінбейтін, бірақ сезілетін күш. Бүгінгі күні дәнекерлеуші де, шебер тігінші де, құрылыс басындағы жұмысшы да – қоғам үшін таптырмас тұлға. Өз нәсібін арам жолмен емес, адал маңдай тері арқылы табу адам баласының ең асыл қасиеттерінің бірі. 

Жол – жолаушының қауіпсіздігі мен елдің даму қарқынына тікелей әсер ететін маңызды инфрақұрылым. Сондықтан әрбір шақырымның сапасы қатаң бақылауда болуы тиіс. Бұл жауапты міндетті «Ұлттық сапа орталығының» мамандары атқарып жүр. Адалдық пен еңбекқорлық секілді қасиеттерді бойына жинаған жанның бірі -  Лутфулла Кенжаев Шымкен қаласындағы жолдардың сапалы болуына  үнсіз үлес қосып жүрген, маңдай терімен мәртебе биіктеткен маман.  Ол — жол саласы мен инфрақұрылым нысандарының техникалық сапасына жүйелі түрде бақылау, зерттеу, талдау жүргізетін  білікті шебер. Қазіргі таңда «Ұлттық сапа орталығы» РМК ШЖҚ Шымкент қалалық филиалының бөлім басшысы қызметін абыроймен атқарып жүр. Әрбір салынған жол, әрбір төселген тас — оның маңдай тері мен адал еңбегінің айғағы. 

Лутфулла Кенжаев  үшін сапа  бірінші орында. Ол тек жол емес, ел сенімін салып келеді. Бүгінгі күннің нағыз еңбек майталмандарының бірі ретінде оның ісі — өскелең ұрпаққа үлгі, ал еңбегі — құрметке лайық!

Республикалық маңызы бар жолдардың жоғары сапалы болуы қамтамасыз ету  Лутфулла Кенжаевтың  білімі мен тәжірибесін ғана емес, сонымен қатар кәсібилігінің жоғары деңгейін талап ететін міндеттер. Бөлім басшысы  осы күнге дейін қызметте  өзін сауатты және адал маман ретінде көрсетіп келеді. Оның міндеттері әрқашан уақытылы және сапалы орындалады, бұл оның жұмысына деген адалдығын көрсетеді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сапалы жолдар - білікті маманның жемісі
  • 25 колледждің базасы нығаяды
  • Текесу тұрғын алабына 14 шақырым су құбыры жүргізілді
  • Көксайлықтар жаңа пәтерге қоныстанды
  • Көліктің «дәрігері» - автослесарь
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер