Спорт саласын ілгерілеткен жан

image.png

«Еңбектің наны тәтті» деген тәмсіл бекерден-бекер айтылмаса керек. Еңбектің бейнеті ауыр болғанымен, жетістігі жан жадыратып, көңіл марқайтады. Еңбек адамы ол мыңның ішінен таңдалып, талғап алған тұлға емес. Еңбек адамы қоғамда, көппен бірге жұмыс істеп, адал бейнеттеніп жүрген жандар. Әрине, оны күнделікті күйбең тірлікпен байқай бермесіміз мәлім ба? Сіз бен біздің жанымызда еңбек адамдары өте көп-ақ. 

Споршылар ел абыройын әлемге танытып жүрген нағыз еңбек адамдары. Себебі олардың жетістігі тек еңбекпен келетін дүние. Спортқа әркім-ақ қызығуы мүмкін. Ал нағыз спортшы болу екінің бірінің қолынан келе бермейді. Ал жаттықтырушының спортшыға қарағанда жүгі екі есе ауыр. Себебі балаларды осы салаға қызықтырып, баулып, темірдей тәртіп пен үнемі жаттығу режимін ұстануға үйрету, оларды әлемдік додаларға дайындау  жауапты әрі қиын шаруа. Міне, осындай жауапты істі атқарып жұрген жанның бірі – Бауыржан Тұманбаев. 

 Бауыржан Қалмұхамедұлы 1974 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Білімі – жоғары, мамандығы - дене тәрбиесі пәнінің оқытушысы және спорт жаттықтырушысы, мемлекеттік басқару бакалавры. Еркін күрестен ҚР Еңбегі сіңген жаттықтырушысы. Қызмет жолы Шымқаладағы 1991 жылы №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы болудан басталған. Кейіннен түрлі жылдар аралығында Сайрам аудандық білім беру және спорт бөлімінде бөлім меңгерушісінің орынбасары, бөлім басшысы, ОҚО спорт бөлімінің басшысы болған. 2013-2017 жылдары ОҚО дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары лауазымында жұмыс жасады. 2017 жылы ОҚО жекпе-жек спорт түрлерінен олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директоры, 2018 Шымкент қаласының Олимпиада резервін даярлау орталығының директоры. 2020 жылы Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарса, қазіргі таңда осы саланың тізгінін ұстап отыр. 

Талай чемпиондарды түлеткен кейіпкеріміздің еңбегін ел көріп, бүгінде бағасын беріп отыр. Шымқаланың спортын ілгерілеткен ол өткен жылы   Президент Жарлығымен «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды. Бұл Бауыржан  Қалмұхамедұлы үшін спорт саласында отыз жылдан астам еңбектің өтеуі. Лайым мегаполистің спорт саласындағы жеңісті күндері көп болсын деп тілейміз!

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Наубайхана несібесі
  • Тегін кәсіптік білімді қалай алуға болады?
  • Көлік жөндеп, көпке танылған
  • Құрылысшылар күніне орай колледжде шығармашылық көрме өтті
  • Шымкентте «Абай әлемі» республикалық байқауының финалы өтті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер