Құрыш қолды құрылысшылар марапатталды

image.png

Экономиканың өркендеуіне, тұрғындар тұрмысының жақсаруына ықпал ететін бірнеше сала бар. Әсіресе құрылыс индустриясының алар орны айрықша екені даусыз. Ал құрыш қолды құрылысшылардың қолтаңбасы шаһарларға сән берген сәулетті тұрғын үйлер мен мәдени, әлеуметтік мақсаттағы нысандардан анық байқалады.

Әр өңірдегі әлеуметтік маңызы зор нысандардың бәрінде құрылысшылардың маңдай тері, құрыш қолының қолтаңбасы, бір сөзбен айтқанда, қажырлы еңбегі бары даусыз. Бір қарағанда ақ қағазға жобасы сызылған түрлі ғимараттың іргетасын құйып, тасын қалау, сылап-сырлау оңай көрінуі мүмкін. Бірақ өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын құрылысшылар үшін олай емес. Әр істің өз қиындығы болатыны секілді, ғимаратты тұрғызуда жобадан ауытқымау қажет. Сол себептен тас қалаушылар да, сылақшылар да әр күнгі ісінің нәтижесіне екі шұқып, бір қарайды.

Еліміздің үшінші мегаполисінде құрылыс бір сәтке де тоқтаған емес. Қаланың құрылыс саласының бойына қан жүгірткен құрыш қолды құрылысшылар қандай құрметке болса да лайықты. Осы орайда 2025 – Жұмысшы мамандықтар жылы аясында құрылысшылар күніне орай Құрылыс кешені және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласы қызметкерлерінің салалық кәсіподағының Шымкент қалалық филиалына қарасты "Шымкент күрделі құрылыс" ЖШС бастауыш кәсіподақ ұйымының мүшелерін арнайы салтанатты құттықтау іс-шарасы өтті.

Іс-шараға салалық кәсіподақ төрағасы Манахов Абдурайра, сондай-ақ "Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы" аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төраға орынбасары Құрманбек Жарқынбек Айдарбекұлы қатысып, құрылысшылар қауымын кәсіби мерекемен құттықтады. «Құрылысшы мамандығы – біздің еліміздің ең танымал және құрметті мамандықтарының бірі! Сіздердің арқаларыңызда ел игіліне бағытталған әлеуметтік маңызды және ең батыл ірі жобалар жүзеге асырылып,  Шымқаламыз  көркейіп, дамуда. Сіздерге мықты денсаулық, бірлік пен ынтымақ, отбасыларыңызға амандық және атқарып жатқан жұмыстарыңыздың жемісті болуын тілейміз!»,- деді Жарқынбек Айдарбекұлы. 

Салтанатты жиын барысында салада ұзақ жылдар бойы абыроймен еңбек етіп келе жатқан бірқатар кәсіподақ мүшелеріне арнайы марапаттар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Бұл іс-шара - құрылысшылардың еңбегін бағалап, олардың кәсіби мерейін көтеруге бағытталған маңызды шара болды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әйелдердің белсенділігі – қоғам дамуының айнасы
  • Масылдықты еңбек қана жеңбек
  • Тұранның тұрғындары риза
  • «Таза Қазақстан»: Шымкентте қала тұрғындары мен жастар кең ауқымды экологиялық акцияға белсене қатыс
  • «Таза Казахстан»: жители Шымкента и молодежь приняли активное участие в масштабной экологической акц
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер