Наубайхана несібесі

image.png

Еңбек адамы – қоғамның басты байлығы. Елдің үздіксіз қозғалысы  күн сайынғы миллиондаған адамдардың, қарапайым жұмысшы мамандардың арқасы деуге болады. Күнделікті қайталанатын, ісі көзге елене бермейтін, бірақ сол адамдардың еңбегіне мұқтаж қызметтер де болады. Солардың бірі – наубайханашылар. Дүкен сөресінен әрдайым табылатын нан  - осы бір еңбекқор мамандардың қолынан шығатын дүние. 

Нан өнімдерінің дастарханға қандай еңбекпен келетіні туралы бір сәт ойландыңыз ба?

Күнделікті тұтынатын тамақтардың қатарында нанның рөлі жоғары. Нансыз қазаққа ас батпайды. Сондықтан оны кәсіп ретінде пайдаланған кез келген адамның өндірісінің ілгерілемеуі мүмкін емес. Ал біздің келесі кейіпкеріміз нан жабуды кәсіп емес, өмірлік мәні санайды. 

Шымкенттік Хайрулла   Гультураев  - нан жабумен айналысып келе жатқанына қырық жылға жуықтаған. Оның дәмді, балғын нан өніміне сұраныс қашанда жоғары. «Еңбек жолымды осы нан жабудан бастағанмын. Сонау 1987 жылы кірістім. Ол кезде жас едім. Содан бері менің өмірім осы наубайханада өтіп келеді. Осы еңбектің арқасында отбасымды асырап отырмын. Нан пісіру – берекелі жұмыс. Бұл жұмысымынан ешқашан жалыққан емеспін. Нан жабу маған ұнайды. Әсіресе, нанның қамыры көтерілген кезі, нанның пештен шыққан кездегі мұрын жаратын керемет иісі ұнайды»,- дейді кейіпкеріміз. 

Хайрулла аға нан жабудың өзіндік тәсілдерімен бөлісті.  «Қазақстан ұнынан  нан өте жақсы шығады. Мен көп ұндарды  қолданып  көрдім. Әсіресе, Қостанайдың ұндары жақсы, Өзбекстанның ұндары жарамайды»,- дейді ол.

Бес баланың әкесі еліміздің тоқырау жылдары ұн тапшылығы болғанын есіне алып, тоқсаныншы жылдары бөлке нан жауып, сатқанын айтады. Қай заманда болсын нанға сұраныс жоғалған емес. Себебі нан бар жерде тіршілік бар, өмір бар, қозғалыс бар. Жастайынан еңбек етіп келе жатқан наубайханашы өз ісіңді сүйіп істесең жетістікке жетесің дейді. 

«Нанды қолмен ашытамын, барлық жұмысты қолмен істеймін. Тұтынушылардың  көбісі «Сенің қолыңнан шыққан нан тәтті болады», деп шабыттандырып қояды. Әрине, өзің сүйген іске ынта-шынтаңмен кіріссең, сүйіспеншілікпен беріле атқарсаң, оң нәтиже болады. Әрбір істе адалдықтың алар орны ерекше, нан жапқанда, нан-тоқаш өнімдерін пісіргенде адал ас деген дініміз бен діліміздегі киелі ұғым санамда сайрап тұрады. Еңбегіме берілген баға да ынталандырады»,- деді ол. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әйелдердің белсенділігі – қоғам дамуының айнасы
  • Масылдықты еңбек қана жеңбек
  • Тұранның тұрғындары риза
  • «Таза Қазақстан»: Шымкентте қала тұрғындары мен жастар кең ауқымды экологиялық акцияға белсене қатыс
  • «Таза Казахстан»: жители Шымкента и молодежь приняли активное участие в масштабной экологической акц
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер