Жастарды кәсіптік бағытта тәрбиелеу — маңызды қадам!

image.png

Шымкент қаласы Білім басқармасының Әдістемелік орталығы қаладағы «Парасат» колледжі базасында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында студенттер арасында  «Өнер мен стиль» атты қалалық байқау өтті.

  Іс-шараның  мақсаты– жұмысшы мамандықтарының маңыздылығын арттыру, жастардың назарын осы салаға аудару, еңбек нарығында сұранысқа ие білікті мамандарды даярлау.

 Байқауға қатысқан талантты студенттер өз өнерлерін, шеберліктерін және заманауи киім үлгілерін ұсыну арқылы көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.

Нәтижесінде  жеңімпаздар мен жетекшілер Шымкент қаласы Білім басқармасының Әдістемелік орталығының I, II, III дәрежелі дипломдарымен және сертификаттармен марапатталды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Қазақстан Халқына арнаған «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауында 2025 жыл «Жұмысшы мамандықтар» жылы деп жариялағаны белгілі. Мұндағы мақсат жұмысшы мамандықтарды дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болып қалыптасу идеясын насихаттау болып табылады.

Осыған орай жастардың кәсіби білім алуына қолдау көрсету, өндірістік салада білікті кадрларды даярлау мақсатында колледжде студенттерге арналған «Мамандығым кәсібім-жетістіктің бастауы, табысқа жетудің кілті» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Конференция келесі бағыттардағы секциялар бойынша өтті.

1-секция:  «Техникалық-гуманитарлық» бөліміне қарасты мамандықтар.

2-секция:  «Жалпы білім беру және педагогикалық пәндер» бөліміне қарасты мамандықтар.

3-секция:  «Спорт және туризм» бөліміне қарасты мамандықтар.

Студенттер өздері таңдаған мамандықтары бойынша ғылыми жұмыстарын қорғап, қатысушылар тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді.

Еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтарға техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жетілдіруге бағытталған ғылыми жұмыстар конференция барысында критерийлерге сай қорғалып, студенттің қосатын жеке үлесіне мән берілді.

Нәтижесінде жеңімпаздар әрбір секция бойынша анықталып, I, II, III дәрежелі дипломдарымен және ғылыми жетекшілері алғыс хаттармен марапаттауға ұсынылды.

Жастарды еңбекке баулу мен кәсіптік бағытта тәрбиелеу — еліміздің болашағына салынған сенімді қадам!

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары жоспарға сай жүруде
  • Бірлік – мызғымас мемлекет пен өркенді болашақтың іргетасы
  • Наубайхана несібесі
  • Тегін кәсіптік білімді қалай алуға болады?
  • Көлік жөндеп, көпке танылған
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер