Мемлекет басшысы: «Мемлекеттік қызметте меритократия қағидаты басты орынға шықты»

image.png

Еліміздің бас қаласында  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен ұстаздардың республикалық тамыз конференциясы басталды. Жаңа оқу жылының басталуына орай заман талабына сай адамгершілігі жоғары, кәсіби құзыретті және әлеуметтік жауапты тұлғаны қалыптастыруға бағытталған білім беру жүйесінің бүгіні мен болашағына бағдар беру мақсатындағы республикалық іс-шара “Білім келешегі: адал азамат, кәсіби маман” тақырыбымен өтіп жатыр.

Ел басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы еліміздің ұстаздар қауымына арнаған сөзінде білім мен тәрбие саласының ел болашағындағы шешуші рөлін атап өтті.

«Біз бір ел, бір халық болып, Әділетті, Таза әрі Қуатты Қазақстанды құрып жатырмыз. Ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру үшін нақты реформаларды қолға алдық. Бұл – ауқымды әрі күрделі жұмыс. Бүгінге дейін біраз шаруа атқарылды. Елдегі саяси жүйе толық жаңғырды. Ұлттық экономиканың жаңа бағдары айқындалды. Қоғамымыз дамып, азаматтардың сана-сезімі өзгеруде. 

Мемлекеттік қызметте меритократия қағидаты басты орынға шықты. Билікте де «отбасылық жүйе» жоқ. Азаматтарды қызметке тағайындау кезінде ең алдымен олардың білімі мен кәсіби білігі ескеріледі. 

Қазір елімізде рухы азат, ойы еркін ұрпақ өсіп келеді. Заңды сыйлау, тәртіпке бағыну қоғамның мызғымас қағидасына айнала бастады. Бір сөзбен айтқанда, Қазақстан жаңа сипатты ел болу жолына бет бұрды.

Бірақ өзгерістерді жасау – бір бөлек болса, оны біржола орнықтыру – бір басқа мәселе. Ол үшін, ең алдымен, қоғам санасы түбегейлі жаңғыруы қажет. Осы ретте сіздерге, яғни ұстаздар қауымына зор жауапкершілік жүктеледі. Себебі, нағыз «Адал азамат» мектеп қабырғасында қалыптасады».

Сонымен қатар Қ.Тоқаев өзгерістерді жүзеге асыру ғана емес, оларды қоғамда біржола орнықтыру қажеттігін де атап өтті. Бұл ретте ұстаздардың рөлі ерекше екеніне назар аударды.

Қоғам санасының түбегейлі жаңғыруы  басты міндет. Себебі, нағыз «Адал азамат» мектеп қабырғасында қалыптасады. Сондықтан сіздерге зор жауапкершілік жүктеледі, – деді Президент.

Конференция қорытындысы бойынша педагог мәртебесін арттыруға бағытталған қарар қабылданады. Салтанатты бөлімде білім беру саласының үздік қызметкерлерін марапаттау рәсімі және қазақстандық әртістердің қатысуымен концерт өтетіндігі жоспарланған.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әйелдердің белсенділігі – қоғам дамуының айнасы
  • Масылдықты еңбек қана жеңбек
  • Тұранның тұрғындары риза
  • «Таза Қазақстан»: Шымкентте қала тұрғындары мен жастар кең ауқымды экологиялық акцияға белсене қатыс
  • «Таза Казахстан»: жители Шымкента и молодежь приняли активное участие в масштабной экологической акц
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер