Жұлдыз және Жалын тұрғын алаптары газдандырылды

image.png

Өңірлердегі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымдарды дамыту әрқашанда басты орында. өйткені, бұлар азаматтардың өмір сүру салтын жақсартудың басты кепілі. 

Осы орайда Шымкентте қаланың инженерлік инфрақұрылымын дамыту бойынша жүйелі жұмыс жалғасуда. Әсіресе, қалада  көгілдір отынға қол жеткізген елді-мекендердің қатары артуда. Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков тұрғындармен бірге Жұлдыз /жаңа құрылыс аумағы/  және Жалын тұрғын алаптарында табиғи газды қосуға қатысты. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды. 

Айта кетейік, газ құбырларының құрылысы өткен жылдың тамыз айында тұрғындармен көшпелі кездесулер кезінде айтылған өтініштері бойынша басталған болатын. Бүгін Жұлдыз шағынауданында 834 абонент және Жалын шағынауданында 566 абонент көгілдір отынға қол жеткізді. 

Жалпы 33 шақырымнан астам газ құбыры салынды. Осының арқасында екі тұрғын алабы да орталықтандырылған газ жүйесіне қосылды.  

Қала әкімі шара барысында тұрғындардың көптен күткен қуанышына ортақтасып, мердігерлерге жұмыстарды сапалы және уақтылы орындағаны үшін алғыс айтты.

Айта кету керек, газға қосылу үшін тұрғындар техникалық шарттарды алуға өтініш беруі керек. Мұны "eGov Mobile" қосымшасы немесе электрондық үкіметтің веб-сайты egov.kz. арқылы жасауға болады 

Шымкент қаласы қазіргі таңда тұрғындарын табиғи газбен қамту мәселесіне үлкен мән беріп, бұл салада айтарлықтай прогреске қол жеткізді. Қаладағы 81 елдімекеннің 60-ы толық газбен қамтылған, ал 20 елдімекен тұрғындары жартылай газға қосылған.

2024 жылы 15 нысанның құрылыс жұмыстары жүргізілді, оның ішінде Қайнарбұлақ, Ынтымақ-2, Бозарық 1,2,3 кезеңдері, Еламан, Қайтпас-1, Қаратөбе, Тәуелсіздікке-20 жыл, Қарабастау, Қайтпас-1 мен Тұран шағын аудандары және басқа да аудандар қамтылды. Жыл қорытындысымен, 9 нысанның құрылысы аяқталды, нәтижесінде 90 мыңнан астам адам табиғи газ жүйесіне қосылып, газбен қамту деңгейі 96 пайыздан 97 пайызға артты.

2025 жылы 6 нысанның құрылысы аяқталады деп жоспарланған. 

Қаланың даму жоспарына сәйкес, алдағы жылдары 1 жаңа станция және айналма магистралды газ құбырының (АГРС-5) құрылыс жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізіледі деп жоспарлануда. Бұл қала халқын табиғи газбен толық қамту бойынша қабылданған шаралардың бір бөлігі болып табылады.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Taza Alem» экологиялық акциясы аясында тазалық жұмыстары өтті
  • Жұлдыз және Жалын тұрғын алаптары газдандырылды
  • Президент «Педагог мәртебесі туралы» заңға ұстаз құқығын қорғау жөнінде өзгерістер енгізуді ұсынды
  • Қасым-Жомарт Тоқаев білім беру үдерісіне цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні жедел енгізу
  • Мемлекет басшысы: «Өскелең ұрпақты әлеуметтік кеселдерден сақтау маңызды»
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер