Құрылыс, жол салаларының қызметкерлеріне құрмет көрсетілді

image.png

Елімізде тамыз айында  құрылыс және жол салалары қызметкерлерінің кәсіби мерекелері аталып өтеді. Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков мегаполистің дамуына үлес қосып жүрген мамандарды құттықтап, Қ.Р Президентінің атынан мемлекеттік наградалар — ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» орденімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапаттап, үздік қызметкерлерге алғыс хаттар табыс етті.

Өңірлік коммникациялар қызметі мамандары хабарлағандай қала басшысы сала мамандарының орасан еңбегіне тоқталып, қызметкерлердің жоғары кәсіби біліктілігін, жауапкершілігін атап өтті. Олардың күш-жігерінің арқасында қалада жаңа үйлер, әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандар бой көтеруде Бұл игілікті істер халықтың жайлы өмір сүруін қамтамасыз етуде. 

«Құрметті көлік және құрылыс саласының қызметкерлері! Сіздердің мамандықтарыңыз жоғары біліктілік пен жауапкершілікті талап етеді. Сіздердің кәсіби шеберліктеріңіздің арқасында жаңа тұрғын үйлер, әлеуметтік нысандар мен инфрақұрылым объектілері бой көтеріп, қала тұрғындарының жайлылығы мен қауіпсіздігі қамтамасыз етіліп келеді.

Қызметке деген адалдықтарыңыз бен қалалық ортаны дамытуға қосқан айрықша үлестеріңіз үшін алғыс білдіремін. Әрбір жүзеге асырылған жоба – қаламыздың гүлденуіне және тұрғындардың өмір сүру жағдайын жақсартуға қосылған үлес.

Сіздерге жаңа кәсіби жетістіктер, мықты денсаулық, тұрақтылық, отбасыларыңызға амандық және жобаларыңыздың сәтті жүзеге асуын тілеймін»,- деді шаһар басшысы құттықтауында.

Шымкентте республикалық маңызы бар қала мәртебесін алғаннан бері 4,5 миллион шаршы метрден астам тұрғын үй бой көтерді. Биылдың өзінде 1,37 миллион шаршы метр тұрғын үйді ел игілігіне тапсыру жоспарлануда.  Өткен жылы «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 11 жаңа мектеп пен 2 оқушылар сарайы пайдалануға берілді,  17 білім беру нысаны мен бірқатар әлеуметтік ғимараттың құрылысы қарқынды жүргізілуде. 

Жол құрылысы – инфрақұрылымның құрылысын ғана емес, сонымен қатар сауданы, туризмді және жалпы әл-ауқатты дамыту мақсатындағы іргетасты құру. 

Жол-көлік инфрақұрылымын дамытуда да ауқымды жобалар іске асуда.  Қазіргі уақытта еліміздегі автожолдардың жалпы ұзындығы 95 мың шақырымды құрайды, оның 25 мың шақырымы республикалық желіге, ал 70 мың шақырымы жергілікті желіге жатады.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Темір жол саласындағы 21 жылдық адал еңбек
  • Метеоролог – жауапты маман
  • Человек труда. Работа полицейского не ради славы и наград…
  • Құрылыс, жол салаларының қызметкерлеріне құрмет көрсетілді
  • Біздің ең асыл қазынамыз – ынтымақ пен бірлік
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер