Бір кездері мүлгіп жатқан сайын далаға жан бітірген шойын жол бүгінде ел экономикасының өн бойына қан жүгірткен күретамырға айналды. теміржол – мемлекеттің экономикалық дамуы мен халықтың өмір сапасын қамтамасыз етуде басты тіректердің бірі. Жолаушылар мен жүк тасымалы, логистика және өнеркәсіп салаларының іргетасы да осы теміржол арқылы қаланады. Бүгінгі жетістіктің артында өз кәсібіне адал, жауапкершілігі жоғары, тәжірибесі мол теміржолшылардың маңдай тері жатыр.
Темір жол саласында ұзақ жылдар бойы абыроймен еңбек етіп келе жатқан Көшерова Айнұра Ибрагимқызы – өз ісінің нағыз маманы. Ол 1973 жылы 14 желтоқсанда дүниеге келген. Кәсіби жолын Сарыағаш станциясында тасымалдау құжаттарын өңдеуші оператор лауазымынан бастап, бүгінгі таңда осы қызметтің аға операторы ретінде жұмыс атқаруда.
Айнұра Ибрагимқызының темір жол саласындағы еңбек өтілі – 19,5 жылды құрайды. Осы уақыт аралығында ол өзінің жоғары жауапкершілігімен, ұқыптылығы және кәсіби біліктілігімен әріптестері арасында зор құрметке ие болды.
Ол атқаратын қызмет – тасымалдау процесін тиімді ұйымдастыру мен құжаттарды уақтылы әрі сапалы рәсімдеуді талап етеді. Айнұра Ибрагимқызы бұл міндетті үлкен жауапкершілікпен атқарып келеді.
Темір жол – мемлекеттің күретамыры болса, осындай өз ісіне адал мамандар саланың дамуына зор үлес қосып келеді. Көшерова Айнұра Ибрагимқызы – соның айқын дәлелі.
Теміржол саласы – кез келген мемлекеттің тіршілігінде маңызды рөл атқаратын сала. Бүгінде елімізде теміржол көлік инфрақұрылымы дамып, жолаушылар мен жүк тасымалы, логистика саласының іргетасы берік қаланған. Бұл – өз кәсібіне адал, тәжірибесі мол теміржолшылардың арқасы.
Бүгінде барлық жолаушы және жүк тасымалының ішіндегі ең үлкен үлес теміржол саласына тиесілі. Алыс-жақынмен сауда-саттықты жүзеге асырушы негізгі сала да осы. Қажырлы еңбекті талап ететін бұл жұмыстың ілгері басуы – теміржолшылардың нақты жұмыстарына, сенімділіктеріне байланысты. Темір жол көлігінде ерінбей еңбек ету күрделі әрі өте жауапты іс екенін былайғы жұрт біле бермес. Теміржолшылардың еңбектері үлкен жауапкершілік пен қауіп-қатермен тікелей байла¬нысты. Себебі жүргізушілер, олардың көмекшілері мен жолсеріктері миллиондаған жолаушылардың өміріне және тасымалданатын мыңдаған тонна жүктерге жауапты.