Ұлағатты ұстаз марапатталды

image.png

Өткен жылдан бері Мемлекет басшысы Қ.Кемелұлының бастамасымен еліміздің түрлі саласында аянбай тер төгіп жүрген еңбек адамдарының еңбегі еленіп, құрметке бөленіп келеді. Соның бір дәлелі жақында Астана қаласында өткен «Білім келешегі: адал азамат, кәсіби маман» республикалық ұстаздардың Тамыз конференциясында бір топ шымкенттік ұстаздардың марапатталуы. Қ.Тоқаев іс-шара барысында үшінші мегаполистің білім саласына айрықша үлес қосып, ұлы міндет – шәкірт тәрбиелеу жолында тер төгіп жүрген педагогтарды құттықтап, өз қолымен марапаттады. Елорда төрінже мәртебесі асқақтаған ұстаздың бірі -  Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Гагарин атындағы №34 мектептің биология пәні мұғалімі - Зухра Нажиметова. Ол  “Ерен еңбегі үшін” медалімен марапатталды.

Зухра Тайырқызы — педагог-зерттеуші, 39 жыл бойы білім беру саласында абыроймен қызмет етіп келеді. Осы жылдар ішінде ол өзін жоғары кәсіби деңгейдегі, мол тәжірибелі, шығармашыл ойлайтын, жауапкершілігі жоғары ұстаз ретінде көрсете білді.

Ізденімпаз ұстаз жас педагогтерге бағыт-бағдар беріп, тәжірибесімен бөлісіп келеді. Бар саналы ғұмырын шәкірт тәрбиесіне арнаған Зухра Тайырқызы ұрпақ жүрегіне ізгілік пен білім нұрын ұялата білді.

Ұстаздық еткен жақылпас, үйретуден  балаға демекші, Зухра Тайырқызы қырық жылдан бері талай шәкірт тәрбиелеп, олардың бүгінде  білікті маман болып шығуына жол ашқан ұлағатты жан.  

Айта кетейік, маңызды жиында Президент  елдің ертеңі мұғалімдерге тікелей байланысты екенін елдің есіне салды. «Ең алдымен, баршаңызға дәстүрлі Тамыз конференциясының ашылуы құтты болсын! Бұл – өскелең ұрпаққа сапалы білім мен тағылымды тәрбие беру мәселесіне арналған өте маңызды басқосу. Ұстаз – ұлттың шамшырағы. Сіздер күнделікті қажырлы еңбектеріңіз арқылы ел дамуына өлшеусіз үлес қосып келесіздер. Жас ұрпақтың бойына білім нәрін сеуіп, озық ойлы ұлт тәрбиелеп жүрсіздер. Халқымыздың зияткерлік қуатын арттыруға белсене атсалысып жатсыздар. Бүгін мен еліміздегі ұстаздар қауымына шынайы ризашылығымды білдіремін! Шын мәнінде, Мұғалімдер мемлекеттік маңызы бар жұмысты атқарып жатыр. Ы.Алтынсарин «Жақсы оқытушыны бәрінен де қымбат көремін» деген. Елдің ертеңі мұғалімдерге тікелей байланысты. Сондықтан ұстаздың қоғамдағы орны бәрінен биік болуға тиіс»,- деді Мемлекет басшысы өз сөзінде.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Құрылысшы – өмір бойы ізденіп өтетін мамандық
  • Көмекке ұмтылған эксковатор жүргізушісі
  • Жанашыр маман Нұрболат
  • Темір жолындағы тынымсыз тірліктің қаһарманы
  • Помощник капитана танкера "Тараз" — профессия, проверенная морем
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер