Қамсыз қысқа қарқынды дайындық

image.png

«Қыстың қамын жаз ойла» деген тамаша тәмсіл бекер айтылмаса керек. Аязды күні әр үйдің жылы болуы, пешінің маздап тұруы - әлбетте, жаздағы тынымсыз тірліктің нәтижесі. Осы дәстүрлі ұстанымды берік ұстанған Шымкент қаласында жылу маусымына дайындық жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Қазандықтар жөнделіп, тозған құбырлар ауыстырылып, көпқабатты үйлердің ішкі жүйелері тексерілуде. Мақсат - қыс маусымында тұрғындардың тоңбауын қамтамасыз ету. 

  Алайда, дайындық барысындағы бір түйткіл - тұрғындардың жылу ақысынан жинақталған қарызы. Қазіргі таңда шымкенттіктердің жылу үшін жалпы берешегі 475 миллион теңгеге жетіп отыр. Бұл мәселе Сәрсен Абайұлының тамыз айындағы соңғы брифингінде көтерілді. Жылумен қамтамасыз етуші мекемелердің тынымсыз еңбегіне қарамастан, төлемдерін уақытылы өтемейтін тұрғындар әлі де аз емес. 

   Осыған байланысты жауапты органдар түрлі амалдарға жүгінуде. Бір тұрғынның ісі сотқа жолданса, екіншісінен бөліп төлеуге кепілхат алынып жатыр.

  Дегенмен, қысқа қамдану жұмыстары сенім ұялатады. Шымкенттің жылу жүйелері шаһардың тіршілігін қамтамасыз ететін күретамыр тәрізді. Ұзындығы 838 шақырымға созылған бұл жүйенің бүгінде 37 пайызы ескіргенімен, оны жаңарту ісі кезең-кезеңімен жүйелі түрде жүргізілуде.

   Әдеттегідей, биыл да құбырлар гидравликалық қысыммен тексеріліп, осал тұстары дер кезінде анықталды. Нәтижесінде 98 ақау тіркеліп, соның 90-ы қазірдің жөнделіп те үлгерілді. Қалғаны қыркүйектің алғашқы күндеріне дейін толықтай реттелмек.

   ЖЭО-3 қазандықтарының аумағында да жұмыс қарқыны бәсең емес. Құны 743 миллион теңгеден асатын жобаның аясында қондырғылар жаңғыртылып, қысқа әзірлік 87 пайызға орындалды. Қалаға жылу беретін 27 қазандықтың 23-і қазірдің өзінде дайын тұр. Сондай-ақ, үйлерге жылу жеткізетін 17 сорғы станциясының 13-і қысқы маусымға сақадай сай.

  Қаладағы 2154 көпқабатты тұрғын үйдің бүгінде 69 пайызы қыстан қамсыз шығуға әзір. Әсіресе, бұл бағытта Еңбекші ауданы көш бастап отыр. Ал бюджеттік мекемелердің жағдайы тіпті көңіл қуантады. Барлық  білім ордалары, мәдениет нысандары мен әлеуметтік саладағы ғимараттар қысқа сақадай сай екен. Демек, жаңа оқу жылында балалар жылы сыныптарда білім алады, ал емханалар мен балабақшаларда жылу үзілмейді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «KazFerroGroup» кәсіпорнының еңбеккерлерімен жүздесті
  • Таңмен таласа оянған еңбек адамы
  • Медали и благодарственные письма вручили шымкентцам на торжестве в честь 30-летия Конституции
  • Шымкентте Ата Заң айбыны асқақтады
  • Шымкентте бірқатар тұрғындар марапатталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер