Мейірбике тек қана дәрігер бұйрығын орындаушы ғана емес, ол ойшыл, үнемі ізденісте жүретін шығармашыл тұлға. Оның негізгі мақсаты – адам денсаулығы мен қоршаған ортаны қорғау қажеттігін қанағаттандыруға негізделеді. Яғни бір сөзбен айтқанда, емделушінің күтімін ұйымдастырушы, күтімін орындаушы, емделушінің ықыласын қорғаушы, кеңесші, зерттеуші, медициналық топтың белсенді мүшесі. Ендеше науқастарға психологиялық тұрғыдан демеушілік көрсетіп, мейірімділік танытып жүрген ақ желеңді абзал жандардың жан-жақтылығы бүгінгі уақыт талабы. Шымкенттік тұрғын Айгүл Қасымова өз мамандығын жанындай жақсы көретін, жұмысын беріліп істейтін кәсіби мейірбикенің бірі. Ол жәй мейірбике емес, өмір үшін арпаласып жатқан науқастарға жасалатын операцияларға ассистенттің жасайтын ота ісі мейірбикесі. Ол әрбір науқасқа жасалатын отаның сәтті өтуіне бар күш жігерін жұмсайды. Төсекке таңылған әр адамға жылы шырай танытудың өзі көп қуат береді, дейді тәжірибелі мейірбике. Ол әрбір іске жауапкершілікпен қарайды. Себебі оның арғы жағында адам тағдыры тұрғанын ол жақсы түсінеді. «Ота ісі мейіргері болғандықтан қызметіміздің маңызылығы ол - ота кезінде дәрігерлерге ассистент боламыз. Қажетті құралдарды дайындап, дәгірерлерге көмек беріп тұрамыз. Ота сәтті өтсе біз де дәрігерлермен бірге қуанамыз. Мен өз жұмысымды жақсы көремін»,-дейді кейіпкеріміз.
Науқастардың жанашыр маманы Арыс қаласында болған жарылыс кезінде зардап шеккендерге аянбай медициналық көмек көрсеткен. Осы ерен еңбегі үшін Президент қолынан марапат та алған. «Сол күндер әлі көз алдымда. Қаншама адам жараланып, хал үстінде келді. Алғашқыда шыны керек, қорқынышты болды. Бірақ, сезімге ерік беретін уақыт емес еді. Дереу өз ісімізді тиісті деңгейде атқарып шықтық. Кейіннен Мемлекет басшысы Ақ Орда төріне шақырып, марапат ұсынған кезде бар шаршауымды ұмытып кеттім»,- дейді ол.
Ауруханаға келген әрбір науқастқа қол ұшын созуға дайын тұратын мейірбике небір ауыр оталарға қатысқан. Тіпті бүйрек трансплантациясына да қатысып, науқасқа жаңа өмір сыйлауға септігін тигізді.
Бүгінде ұжымға сыйлы, абыройлы маман талай сырқаттың көңіліне демеу болып, аяққа трып кетуіне себепші болды. Жүздеген операцияларға қатысып, қаламыздың денсаулық сақтау саласының іргелі дамуына өз үлесін қосып келеді.