Президент геологиялық барлау жұмыстарын күшейтуді маңызды міндет ретінде атады

image.png

2025 жылғы 8 қыркүйекте ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел халқына жариялаған жолдауында Ұлттық геология қызмет базасында жетекші халықаралық стандарттарға сай келетін сертификатталған зертхана ашу қажет екенін мәлімдеді.

«Геологиялық барлау жұмыстарын күшейту қажет. Елімізде ауқымды аэро-геофизика зерттеулері әбден ескірген. Цифрлық құралдарды пайдалана отырып, жер қойнауының заманауи картасын жасайтын уақыт келді.  Мұндай қадам кен орындарының әлеуетін жаңа сапалық тұрғыдан бағалауға мүмкіндік береді. Бұл жұмысқа да халықаралық сарапшыларды тартуға болады. Әрине, ғылыми негізі болмаса, барлау жұмысын ойдағыдай жүргізу мүмкін емес»,- деді Мемлекет басшысы. 

Ол геология саласындағы реформаларды жыл соңына дейін аяқтауды тапсырды.

"Келесі жылдың ортасына дейін озық халықаралық стандарттарға сай сертификаты бар зертхана ашу керек. Оны Ұлттық геологиялық қызметтің базасында құрған жөн. Жер қойнауына қатысты мәліметтің бәрін, ең алдымен, жасанды интеллектіні енгізу арқылы жүйелеп, цифрландыру қажет.  Геологиялық барлау саласы ауқымды инвестицияға мұқтаж. Үкімет бұл өзекті мәселені ескеру керек. Геологиялық барлау және жер қойнауын игеру саласындағы реформалардың заң жүзіндегі және іс жүзіндегі рәсімдерін жыл соңына дейін аяқтау керек»,-  деп тапсырды Президент.

Өңдеу өнеркәсібін жаңғырту, геологиялық зерттеулерді күшейту және жаңа технологияларды енгізу мемлекетіміздің индустриялық дамуындағы шешуші қадамдар болмақ. Жалпы, Жолдауда белгіленген бастамалар елді жаңа индустриялық дәуірге жетелеуді көздейді. Инновация мен заманауи технологияларға арқа сүйеу арқылы ел экономикасы шикізатқа тәуелділіктен арылып, экспорттық әлеуетін күшейтпек.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Өскелең ұрпақтың бақыты мен берекелі өмірі – ортақ мақсат
  • Қомақты инвестициясыз өркендеу жоқ
  • Шымкентте мемлекет басшысының жолдауын талқылау жөніндегі кеңес өтті
  • В Шымкенте прошло совещание по обсуждению Послания Главы государства
  • Қасым-Жомарт Тоқаев: «Озық агроэкономикаға көшу үшін үкіметтің нақты жоспары болуы керек»
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер