Өскелең ұрпақтың бақыты мен берекелі өмірі – ортақ мақсат

image.png

8-қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қаазақстан халқына «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдау жолдаған болатын. Жолдауда Президент  өскелең ұрпақ бақытты өмір сүру керектігін алға тартты. 

«Қазақстан – әлем қауымдастығының ажырамас бөлігі. Мемлекетіміз Еуразия құрлығының дәл ортасында орналасқан. Қазіргі заман бұлыңғыр, тұрақсыз болса да, біз бәріміз жаппай цифрландыру және жасанды интеллект дәуіріне қадам бастық. Менің негізгі мақсатым – осындай түрлі қатерге толы кезеңде еліміздің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын және қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Өскелең ұрпақ бақытты, берекелі өмір сүруге тиіс. Сол үшін бәріміз бір ұлт болып, табанды еңбек етуіміз керек. Бұл – баршамызға ортақ өте маңызды жұмыс, аса жауапты азаматтық және ұлттық міндет.

Жұмысымыз қаншалықты күрделі болса да, біз міндетті түрде табысқа жетуіміз керек. Басқа жол жоқ. Себебі, бұл – еліміздің болашағы, халқымыздың тағдыры. Сондықтан барлық реформаны салмақты көзқараспен, мұқият, жан-жақты ойластырып, сапалы түрде жүзеге асыруымыз керек» -деді Президенттің Жолдауында.

Заман ағымынан қалыс қалмау,  қазіргі жаһандық сын-қатерлер дәуірінде цифрландыру мен жасанды интеллекттің дамуына ілесу – еліміздің тұрақтылығы мен қауіпсіздігі үшін аса қажет қадам.

Мемлекет басшысы атап өткендей, өскелең ұрпақтың бақыты мен берекелі өмірі –  ортақ мақсат. Ол үшін әрқайсымыз табанды еңбек етіп, бір ұлт ретінде біріге білуіміз қажет.

Қандай жағдайда да міндетті түрде табысқа жету-  Қазақстанның болашағы, халқымыздың тағдыры. Сондықтан реформаларды салмақты көзқараспен, жан-жақты ойластырып жүзеге асыруға үлес қосу өте  маңызды»,- деді Президент Жолдауда.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ұлттық өнімдерді сыртқы нарықта кеңінен таныстыру – елді әлемге танытудың бір жолы
  • Өскелең ұрпақтың бақыты мен берекелі өмірі – ортақ мақсат
  • Қомақты инвестициясыз өркендеу жоқ
  • Шымкентте мемлекет басшысының жолдауын талқылау жөніндегі кеңес өтті
  • В Шымкенте прошло совещание по обсуждению Послания Главы государства
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер