Өндіріс орындары мен колледждер арасындағы ынтымақтастық күшеюде

image.png

Кәсіби тәжірибе – студенттердің оқу орнында алған теориялық білімдерін практикада, нақты еңбек жағдайында қолдана алатын уақыт кезеңі. Ол білім беру процесінің маңызды бөлігі болып табылады және студенттердің кәсіби құзыреттіліктері мен дағдыларын дамытуға бағытталған. Биылғы жұмысшы мамандықтар жылы аясында колледждер мен кәсіпорындар арасындағы ынтымақтастыққа ерекше көңіл бөлініп отыр. 

   Үшінші мегаполисте кәсіптік және техникалық білім беретін колледждер жергілікті кәсіпорындар, мекемелермен тығыз байланыс орнатқан. Соның нәтижесінде студенттер теориялық білімдерін өндіріс орындарында шыңдап, тәжірибе жинақтап жүр. Бұл жүйе сапалы маман даярлаудың ең тиімді жолы. Дуальды оқытудың жемісін көріп жүрген студенттердің бірі -  Сайфутдинова Руфина.   «Энергетика және байланыс» колледжінің 2 курс студенті. Мамандығы - пошта байланысы операторы. Ол өз мамандығы бойынша қаламыздағы «Қазпошта» АҚ-да тәжірибе жинап, өз мамандығы бойынша жұмыс істеуге мүмкіндік алған.  «Осы колледжге  келген кезде пошта байланысы операторы кабинетін көрген болатынмын. Сол  кезде осы мамандыққа деген құштарлығым оянып, бірден пошта байланысы операторы боламын деп шештім. Сөйтіп дереу құжаттарымды тапсырған болатынмын. Мен «Қазпошта» мекемесінде практикадан өтіп, мамандығым бойынша тәжірибелі мамандардан сабақ алдым. Оосында жұмыс істеп көрдім. Теорияның жөні бөлек, ал мекемеде шынайы халыққа қызмет көрсетіп, бұл мамандықтың өте керемет екеніне тағы да көз жеткіздім.  Осы орайда біздің мемлекетіміз жастардың сапалы, кәсіптік білім алуына барлық жағдайды жасап отыр. Ендеше, замандастарым осы мүмкіндікті қалт жібермей, жақсы білім алып, көп ізденсе деймін»,- дейді Руфина Хусаинқызы.  

        Қаламызда кәсіптік жен техникалық колледждерде білім алып жатқан студенттердің ғана емес сонымен қатар өндірістік оқу шеберлерінің, ұстаздардың да кәсіби біліктілігіне баса назар аударылуда.  Осы мақсатта колледж ұстаздары да біліктіліктерін арттырып отырады.  «Smart  маман»  оқу орталығы бүгінде талай ұстаздың жолын ашты.  «Біздің негізгі бағытымыз өндірістік орындары қызметкерлерінің, колледж  ұстаздарының  біліктілігі мен білімін арттыру.  Оқу орталығы  «сумен жабдықтау және  су бұру жүйелерін тазарту құрылыстарын пайдалану» мамандығы бойынша колледждермен  дуальды оқыту жүйесін дамытуда. Қазіргі уақытта колледждерге  аталмыш мамандық бойынша қамқорлық көрсетіп келеміз»,- дейді  «Smart  маман»  оқу орталығының директоры Азамат Кузеев. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Болашақ энергетиктерге қамқорлық жасап отырған зауыт
  • Өндіріс орындары мен колледждер арасындағы ынтымақтастық күшеюде
  • Ұлттық өнімдерді сыртқы нарықта кеңінен таныстыру – елді әлемге танытудың бір жолы
  • Өскелең ұрпақтың бақыты мен берекелі өмірі – ортақ мақсат
  • Қомақты инвестициясыз өркендеу жоқ
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер