Мемлекет басшысының жолдауы: Болашаққа жаңа қадаммен

image.png

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» Жолдауы барша отандастарымызға тың серпіліс беретін, жаңа нәтижелерге жоспарлар айқындалған тарихи сәтке куә болдық. 

 Президент Қазақстан дамуының негізгі бағыттарын айқындап берді. Жолдауда ел қозғалысының таяу жылдардағы векторын айқындайтын маңызды бастамалар қамтылды. Жолдауда елдің даму стратегиясының жаңа кезеңдері, соның ішінде мемлекеттік басқаруды жетілдіру, цифрландыруды жеделдету және саяси жүйені жаңғырту мәселелері қамтылды. Сонымен қатар  саяси реформалардың  келесі кезеңінің қандай сипатта  болуы мүмкін екені айтылды. 

Парламент палаталарының бірлескен отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің дамуына, отандық ғылым және жоғары білім саласына қатысты маңызды мәлімделер жасады. Жолдауда Мемлекет басшысы ғылым, білім, инновация саласын басқару тәсілдерін өзара байланыстырудың маңызына тоқталды. Еліміз білім экономикасына көшіп жатыр. Сондықтан, ғылым, білім, инновация саласын басқару тәсілдерін өзара байланыстыру керек. Сондай-ақ жасанды интеллектіні кеңінен қолданатын университеттерге көбірек дербестік беруге болатынын атап өтті.

Сонымен қатар Президент өз сөзінде: «Үкімет дарынды зерттеушілерді қолдау үшін қосымша шаралар қабылдауға тиіс. Білікті мамандарымызды елге қайтарудың тиімді тәсілдерін ойластырып, қолданысқа енгізу керек. Кадр тапшылығын жою үшін көші-қон саясатын да қайта қараған жөн» деп нақты басым-бағыттарды нақтылады. 

Мемлекет басшысының биылғы Жолдауы қазақстандықтарға  тың серпін беретіні сөзсіз.

Дархан Ахмед-Заки,

М.Әуезов атындағы ОҚЗУ

Басқарма Төрағасы-ректоры

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «OMIR SHYMKENT» этно-глэмпинг кешенінің құрылысы жоспарға сай жүргізілуде
  • Адал еңбектің құны жоғары
  • Специалисты пищевого производства востребованы всегда
  • Когда работа в удовольствие
  • НЕБО, РАДОСТЬ И ЕДИНСТВО: ШЫМКЕНТ ОТМЕТИЛ ПРАЗДНИК В ЯРКИХ КРАСКАХ
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер