Жас та болса, бас болған маман

image.png      

 Жастығына қарамастан үлкен сенімге ие болып, жауапты істің жүгін иығына артқан абыройлы мамандардың бірі  Балнұр Бахтиярқызы. Ол бүгінде Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінде кадр бөлімінде еңбек етуде. Бұл қызмет ұқыптылық пен талапшылдықты қатар қажет ететін күрделі міндет. Балнұр сол жауапкершілікті абыроймен атқарып келеді.

     2001 жылы Түркістан облысы, Созақ ауданына қарасты Жартытөбе ауылында дүниеге келген. Кең жайлаудың самал желі, ауылдың бірлігін сақтаған тынымсыз тіршілігі, табиғатпен етене байланысқан балалық шағы оның бойына шынайылықты, адалдықты, еңбекке деген құрметті дарытты. «Ауыл адамды шынайылыққа тәрбиелейді. Мұнда әр ісіңнің нәтижесін бірден көресің. Еңбек етсең ғана сый-құрметке бөленесің», – дейді ол бүгінде балалық шағын еске алып.

    2008 жылы Ш.Уәлиханов атындағы жалпы орта мектептің табалдырығын аттаған Балнұр білімге деген құштарлығымен ұстаздарының жүрегінде сақталыпты. Ізденімпаздығы мен жауапкершілігі жоғары шәкіртті әр мұғалім сүйсіне еске алады. 2019 жылы мектепті үздік аяқтап, үлкен арман жетегінде Шымкентке жол тартты.

     Арман жолында ол заңгер мамандығын таңдады. «Әділдік пен шындықты бәрінен жоғары қоямын. Сондықтан заңгер болу бала арманым әрі жүрек қалауым еді», – дейді Балнұр студенттік шағын еске алып. Шымкент университетінің заң факультетінде оқып жүріп, ол білімін тәжірибемен ұштастыруға асықты. Қаланың құқықтық саласында қызмет етіп жүргендер қатарында болып, жеке сот орындаушысының көмекшісі қызметін атқарды.

      2023 жылы көп жылғы еңбегі мен ізденісінің жемісі ретінде заңгер дипломын қолына алды. Бүгінде ол Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінде кадр бөлімінің маманы болып еңбек етуде. Бұл – аса жауапты міндет. Себебі әрбір құжат, әрбір шешім бір адамның тағдырына әсер етуі мүмкін. Жас та болса, Балнұр осы жүкті абыроймен арқалап келеді. Әріптестері оны тиянақты, тыңғылықты, адамдармен тез тіл табыса білетін, әділ де талапшыл маман ретінде сипаттайды.

    Балнұрдың өмірлік ұстанымы айқын: әрбір адам өз мамандығын сүйіп, адал еңбектің дәмін татқанда ғана нағыз жетістікке жетеді. Ол үшін төзім мен сабыр қажет. Сол себепті ол жастарға үнемі: «Қандай жұмыспен айналыссаң да, соны жүрек қалауымен істеп, адалдықпен атқару керек. Әрбір іс соңына дейін жеткізілгенде ғана нәтиже береді», – деген ойды жеткізеді.

   Жалынды жастықтың отымен, адал еңбектің күшімен шыңдалып келе жатқан Балнұр Бахтиярқызы – замандастарына үлгі боларлық жас маман.  Президентің: «Қарапайым еңбек адамына деген құрметті арттырып, ел сүйсініп қарайтындай жағдай жасау қажет» деген сөздері Балнұр сияқты жастарға да тікелей қатысты. Өйткені осындай мамандардың тынымсыз еңбегімен қоғам алға басады, болашаққа нық қадам жасайды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте ветеринариялық қауіпсіздік күшейтілуде
  • Шымкенттің агроөнеркәсіп саласы қарқын алып келеді
  • Жас та болса, бас болған маман
  • Арманын ақиқатқа айналдырған ару
  • Ақпарат айнасы – Алтынай
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер