Спортшылардың еңбегі еленген күн

image.png

Әр саланың өз маталмандары болады. Олар адал еңбек пен, қажыр-қайраттың символы іспетті. Әсіресе, балаларға жол  нұсқаушы, үйретуші, білім, ілім беруші мамандардың еңбегі ерен.  Мұндай еңбек адамдарының қатарына спорт саласы мамандарын да қосуға болады. Себебі бұл саланың мамандары адамдардың салауатты өмір салтын ұстануға шақырып, балаларды спортқа баулып, керек десеңіз көк туымыздың әлемдік додаларда желбіреуәіне үлшеусіз үлес қосып жүрген жандар.  Осы орайда «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің мәжіліс залында  салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Бұл шара спорт саласында аянбай еңбек еткен, өз ісінің нағыз шебері атанған тұлғалардың жетістіктерін дәріптеуге арналды.

Салтанатты жиынды Қазақстан Республикасы Мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлері салалық кәсіподағының Шымкент қалалық филиалының төрағасы Шеримов Руслан мырза жүргізіп, спорттың қоғам өміріндегі орнын ерекше атап өтті. Ол өз сөзінде спорттың тек дене шынықтыру емес, сонымен қатар ұлт саулығы мен рухани күшінің қайнар көзі екенін жеткізді.

Мерекелік жиын барысында спорт саласының дамуына өлшеусіз үлес қосқан азаматтар алғыс арқалады. Марапаттарды  Руслан Шеримов табыс етті. Сонымен еңбегі еленген спорт саласы мамандары төмендегідей марапаттарға ие болды:

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Алғыс хатымен және «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының Алғыс хатымен Мамыков Арысбек Жарқынбайұлы – «Шымкент» ойын түрлерінен спорт клубы» директорының орынбасары,  Орақбаев Қанат Қадырәліұлы – «Шымкент кәсіпқой бокс түрлері клубы» директоры. 

Ал өз кезегінде «Спорт саласының кәсіподақ үздігі» төсбелгісімен: Абдуллаев Данияр Намазбайұлы – спорттық нұсқаушы; Мирсалимов Уткир Назырқұлұлы – бокс жаттықтырушысы, Байтелі Жандос Дәрібекұлы – әдіскер, Жақып Төреқыз Жаппарқызы – еден жуушы.

Сондай-ақ Қазақстан Республикасы  Мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлері салалық кәсіподағының Құрмет грамотасымен: Талипберген Еламан Батырұлы, Шакирова Альфия Мидхатқызы, Медетбеков Зайда Ашимұлы, Тайғашов Бағлан Болатұлы, Жұмабеков Жандос Нұрланұлы, Юсупова Альмира Эрсанқызы, Қабылбекова Разия Мұхтархқызы, Жетпісбаева Акмарал Тілешқызы, Әбдіқапбар Дидар Ұланқызы, Құлбеков Марғұлан Рүстембекұлы өз марапаттарын алды.

Бұл марапаттар – спортты дамытуға, салауатты өмір салтын насихаттауға және кәсіподақ қызметіне қосқан үлестеріңіздің лайықты бағасы!

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Кітапхана саласының үздіктері марапатталды
  • Логист маманы - зауыт пен тұтынушы арасындағы алтын көпір
  • Еңбегімен ортасына сыйлы болған маман
  • Зауыттың көркін қыздырған маман
  • Мемлекет басшысы: «АҚШ уранның орта есеппен 24 пайызға жуығын біздің елден импорттайды»
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер