
Сәт сайын мың құбылған еңбек нарығының сұранысына сай келуде жас маманның қарым-қабілетін жан-жақты сыналады. Рас, бүгінде жаңа машықты игеріп, мамандық ауыстыру қиын емес. Сонда да болса ертеңгі жас маман үшін жүрек қалаған мамандықтың қыр-сырымен, оның ертеңі туралы деректі мектеп партасында отырып-ақ білгені керек.
Жасыратыны жоқ, көп жағдайда жастардың қолында мамандықтарға ақпараттар бола беремейді. Әсіресе, түлектердің таңдаған мамандығының еңбек нарығындағы сұранысқа ие болуы, табыс көлемі сияқты мәселелер назардан тыс қалып жатады. Үлкен өмірдегі ең алғашқы таңдауын жасалғалы тұрған түлектің ата-анасы да оған жекелеген мамандықтың бүгіні мен ертеңі жайында мардымды ақпарат бере алмайды. Мұнда оқу орындарының қабылдау комиссиясы да жөн сілтейді деуге келмейді. Әр түлек үшін таласқа түсетіндердің түпкі пиғылы белгілі. Сондықтан мектеп оқушылары мамандық таңдауға келгенде дағдарып қалады. Осыдан барып, немкеттілікпен кез келген мамандыққа түсе салғандар күні ертең дипломы бар жұмыссыздардың қатарын толықтырады. Бүгінгі мектеп - тек білім ордасы ғана емес, болашақ мамандардың алғашқы қадамы басталатын орын. Осы мақсатта оқу орындарында кәсіби бағдар беруші мамандар жұмыс істейді. Олар әрбір оқушының қабілеті мен бейімін ескеріп, дұрыс жол таңдауға көмектеседі.
Жастар арасындағы жұмыссыздықтың алдын алуда, бәсекеге қабілетті мамандық таңдауға жоғарыда аталған мектептердегі кәсіптік бағдар беретін мұғалімдерге түсетін жауапкершіліктің жүгі ауыр. Шымкент қаласындағы №138 жалпы орта мектепте бұл бастама жүйелі түрде жүзеге асып келеді. Кәсіби маманның басты міндеті - оқушылардың қызығушылығын анықтап, еңбек нарығындағы сұранысқа сай бағыт ұсыну. Арнайы тестілер мен сұхбаттар арқылы әр балаға жеке кеңес беріледі. Осылайша, оқушылар болашақ мамандығын таңдауда нақты бағыт алады.
«Балалардың келешекте өз мамандығын дұрыс таңдауына, алға қойған мақсаттарын нақты бағдарлауына, ойын дұрыс бағыттауға үлкен мүмкіндік бар. Сол себепті біз мамандыққа байланысты түрлі сауалнамалар жүргіземіз.Әр саланың қарім-қабілетін ескеріп, өзіне сай мамандық таңдауға кеңес береміз. Ата-аналармен де тығыз жұмыс жасаймыз. Біздің мақсатымыз – оқушыларды бәсекеге қабілетті, еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықатрға баулу. Әрине, соңында мамандық таңдауды баланың өз еркіне қалдырамыз»,- дейді кәсіби бағдар беруші педагог Гүлжан Дүйсембекова.
Қазіргі қоғамда техникалық және кәсіптік білімнің маңызы артып келеді. Қазақстанда 2025 жыл – «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жарияланды. Бұл шешім еліміздің экономикасын дамытуда еңбек адамдарының рөлін күшейтуге, олардың мәртебесін арттыруға және жаңа буын мамандарын даярлауға бағытталған.
Жастарды еңбекке баулу және мамандықтарын дұрыс таңдауға бағыт-бағдар беру маңызды істердің бірі. Саналы түрде таңдалған мамандық жеке тұлғаның болашақ өміріне әсер етеді. Болашақтағы кәсіби мақсатына дұрыс бағыт алған оқушы бойындағы қарым қабілетін шығармашылықпен дамыта білсе сапалы маман ретінде қалыптасатыны белгілі. Сол себепті қазіргі таңда түлектерге кәсіби бағдар ұсынып, кеңес айту үлкен маңызға ие. Кәсіби бағдар беру – шешімі табылуға тиісті өте күрделі кешенді мәселе. Кәсіби бағдар мамандары тек кеңес берумен шектелмейді. Олар оқушыларды түрлі оқу орындарымен, өндіріс орындарымен және жоғары оқу орындарының өкілдерімен кездестіреді. Мұндай шаралар жасөспірімдерге нақты еңбек нарығын танып, сұранысқа ие мамандықтар жайлы түсінік қалыптастыруға жол ашады. «Жұмысшы мамандықтар жылының» жариялануы түрлі бағыттағы мамандықтарға деген қызығушылықты арттырды. Әр бала өзіне не қажет екенін біліп, соған қарай дайындалуы керек деп ойлаймын»,- дейді оқушы Жібек Бекжан.
Бүгінде кәсіби бағдар жұмысы – білім беру жүйесінің ажырамас бөлігі. Себебі әр баланың өз орнын табуы – елдің болашағы үшін маңызды. Дұрыс таңдалған мамандық – табысты өмірдің кепілі. Ал мектептегі кәсіби бағдар мамандары – сол жолдағы алғашқы бағыт көрсетушілер.
Қазіргі заман талабына сай мамандықтарды игерген жастарға сұраныс өте жоғары. Нарықтағы бәсекелестік күн өткен сайын артып келеді. Бүгінгі заман талабы кәсіптік білім беру саласында адамның табиғи ерекшеліктеріне сәйкес мыңдаған мамандықтар мен кәсіптерге дайындау – кезек күттірмейтін талаптардың бірі.
Қазіргі замандағы білім берудің негізгі мақсаты — еңбек нарығында бəсекеге қабілетті, құзыретті, өз жұмысын жақсы білетін, жан — жағына бағыт — бағдармен қарайтын, əлемдік стандарт деңгейінде нəтижелі жұмысқа, кəсіби өсуге, əлеуметтік — саяси оңтайлы тез əрекет жасауға, болып жатқан өзгерістерге тез бейімделуге қабілетті, индустриалды — инновациялық жағдайды шешуге лайық, өз қалауы мен қоғам талабына сай білікті, өз ісінің шебері, кең ауқымды, жан — жақты дамыған, өзінің әлеуметтік — экономикалық және рухани дамуының мазмұны мен сипаттарының өзгеруіне және еңбек сапасына талаптың жоғарылуына байланысты өз ісін жетік білетін, кәсіби білігі мол кəсіби маман дайындау.
«Жұмысшы мамандықтар жылы» – еңбек адамының қоғамдағы маңызын көрсетуге және еліміздегі өндірістік саланы дамытуға жасалған маңызды қадам. Бұл бастама арқылы жас мамандарға жаңа мүмкіндіктер ашылып, ел экономикасы білікті жұмысшылармен толықпақ. Сондықтан, еңбекқорлық пен кәсіби дағдыны дамыту – Қазақстанның тұрақты дамуының кепілі болмақ. Жұмысшы мамандықтары – кез келген елдің экономикалық негізі. Құрылысшылар, дәнекерлеушілер, электриктер, механиктер, агрономдар және басқа да техникалық мамандар – елдің өндірістік қуатын қалыптастыратын негізгі күш. Олардың еңбегі арқылы инфрақұрылым дамып, өнеркәсіп өсіп, ауыл шаруашылығы ілгерілейді.
Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының «Өмірден өз орныңды табу үшін мамандықты дұрыс таңдай білудің маңызы зор» — дегендей мамандығын дұрыс таңдап, өмірден адаспай жолын тапқан болашақ жастар ел дамуына керемет үлес қосатыны баршаға аян. Мамандық таңдау — өзің айналысқан жұмысты таңдау ғана емес,өзің араласқың келетін ортаны да таңдау. Өйткені мамандығың — сенің өмірің, еліміздің ертеңі.
