«OMIR SHYMKENT» этно-глэмпинг кешенінің құрылысы жоспарға сай жүргізілуде

image.png

Шымкент қаласында жүзеге асырылып жатқан «OMIR SHYMKENT» этно-глэмпинг туристік кешенінің құрылысы бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуде. Жоба өңірдің туристік әлеуетін арттыруға, этнотуризмді дамытуға және тұрақты демалыс инфрақұрылымын қалыптастыруға бағытталған.

Жоба аясында 38 глэмпинг және 18 капсулалық үйлер, мейрамхана, SPA-бассейн, спорттық алаң, амфитеатр, жылқы ұстау және шарап дайындау аумағы іске асырылады.

Жобаның бірінші кезеңін 2026 жылдың наурыз айында пайдалануға беру жоспарланған. «OMIR SHYMKENT» кешені іске қосылғаннан кейін Шымкенттің жаңа туристік тартылыс орталығы ретінде өңір экономикасына оң әсерін тигізеді деп күтілуде.

  Шымкентте қала экономикасының дамуына зор ықпал ететін туризм саласын дамтытуға ерекше көңіл бөлінуде. Әсіресе, туризм саласына инвестиция тарту мен сала мамандарын даярлауға басымдық беріліп келеді. Осы ретте  Шымкент қаласында Қазақстан және Оңтүстік Корея туроператорлары өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойғанын айта кетейік. Құжаттың басты мақсаты – жаңа тікелей әуе рейстерінің ашылуына байланысты туристік байланысты дамыту және Шымкенттің туристік әлеуетін ілгерілету.

Меморандум аясында:

• бірлескен туристік бағдарламалар әзірлеу;

• топтық және жеке турларды ұйымдастыру;

• онлайн платформалар мен көрмелер арқылы турөнімдерді ілгерілету;

• ақпарат және тәжірибе алмасу;

• қызмет сапасын арттыру бағыттары қамтылды.

Бұл келісім екі ел арасындағы туризмді дамытуға және мәдени байланыстарды нығайтуға тың серпін бермек.

Сонымен  қатар Орталық Азия Инновациялық университетінде «Visit Shymkent» туристік ақпараттық орталығы ұйымдастырған «Жас гидтер мектебі» атты оқыту іс-шарасы өтті. Бағдарлама студенттер мен тәжірибелі гидтердің кәсіби дағдыларын дамытуға, экскурсиялық қызмет көрсету сапасын арттыруға және қаланың туризм саласындағы кадрлық әлеуетін нығайтуға бағытталды.

Іс-шараға Орталық Азия Инновациялық Университетінің «Туризм» мамандығының студенттері, сондай-ақ Шымкент қаласының тәжірибелі гидтері мен экскурсоводтары қатысты. «Жас гидтер мектебі» қатысушыларға білім мен тәжірибе алмасуға, кәсіби шеберлігін жетілдіруге және қаланың туристік әлеуетін арттыруға мүмкіндік берді.

Айта кетейік, Шымкент қаласында өңірдің туристік әлеуетін арттыру мақсатында үш күндік халықаралық ақпараттық пресс-тур өз жұмысын бастады. Іс-шараға Әзербайжан, Ресей, Өзбекстан мемлекеттерінен және Қазақстанның өзге өңірлерінен келген 30 блогер мен медиа өкілі қатысуда.

Пресс-турдың негізгі мақсаты – Шымкент қаласының тарихи, мәдени және туристік нысандарын таныстыру арқылы өңірдің туристік имиджін халықаралық және отандық ақпараттық кеңістікте нығайту.

1-күн: Көне Сайрамға таныстырылым сапары

Қатысушылар алғашқы күнді Ұлы Жібек жолының маңызды тарихи орталықтарының бірі – Город-Сайрам (Испиджаб) қалашығынан бастады. Бағдарлама аясында:

• «Shym-Qala» тарихи-мәдени кешені,

• «Алтын Орда» көркемсурет галереясы,

• Шымкент ипподромында ұйымдастырылған ұлттық спорт түрлерінің (көкпар, жамбы ату) көрсетілімі ұсынылды.

Кешкі уақытта делегация Miras Tazalyq экологиялық жобасымен танысып, қала тұрғындарының сүйікті демалыс орындарының бірі – Арбат аймағында болды.

2-күн: Рухани мұра мен табиғи аймақтарға саяхат

Пресс-турдың екінші күні қатысушылар:

• Сейтжан Қари Есжанұлы атындағы үлкен мешітке,

• Қаланың биік нүктелерінің бірі саналатын «Байдібек би» монументіне,

• Дендрологиялық паркке,

• Шымкент зообағына,

• сондай-ақ жылыжай кешені «Банан бауға» барды.

Қонақтар өңірдің экотуризм және отбасылық демалыс бағыттарының потенциалына жоғары баға берді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «OMIR SHYMKENT» этно-глэмпинг кешенінің құрылысы жоспарға сай жүргізілуде
  • Адал еңбектің құны жоғары
  • Специалисты пищевого производства востребованы всегда
  • Когда работа в удовольствие
  • НЕБО, РАДОСТЬ И ЕДИНСТВО: ШЫМКЕНТ ОТМЕТИЛ ПРАЗДНИК В ЯРКИХ КРАСКАХ
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер