Шымкентте «Халық заңгері» республикалық акциясы өтті

image.png

Шымкент қаласында  «Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасы аясында халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және азаматтарға тегін заң көмегін көрсету мақсатында ауқымды «Халық заңгері» республикалық акциясы өтті. Іс-шараға барлық салалық ведомстволардың бірінші басшылары, адвокаттар, заңгерлер және жоғары оқу орындарының студенттері қатысты.

Акцияның мақсаты - халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және заң көмегін көрсету. Кез келген азамат еліміздің заң қоғамдастығындағы ең үздік өкілдерден тегін қажетті консультация ала алады. Олардың арасында жергілікті атқарушы органның, аумақтық және құқық қорғау органдарының басшылары, прокурорлар, тергеушілер, сот орындаушылар, адвокаттар, нотариустар және басқалары бар. 

Акция үлкен қоғамдық қызығушылық тудырды — шара барысында 1000-нан астам қала тұрғыны отбасылық, еңбек, жер, азаматтық және әкімшілік заңнама мәселелері бойынша білікті заңгерлік кеңес алды. Азаматтарға өз құқықтарын қорғау тетіктері, мемлекеттік органдарға жүгіну тәртібі және тегін заң көмегін алу мүмкіндіктері түсіндірілді.

Қала прокуроры Ғабит Мұқанов өз сөзінде: «Ежелгі грек философы Платон айтқандай: «Күшті мемлекет – қорғалған азаматтан басталады!».  Сондықтан бүгін осында барлық мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өкілдері әр азаматқа тегін әрі қолжетімді заң көмегін көрсету үшін бір алаңда жиналып отыр. Осы акцияға тұрғындар тарапынан сұраныс жыл санап артып келеді. Баршамызға белгілі, заңгерлердің кеңесіне кей тұрғындар қаржы таба алмай жатады. Бұл акция сондай азаматтарға таптырмас мүмкіндік. Олар сұрағына байланысты қайда жүгіну керек, мәселені шешудің бағыт-бағдарын алып кетеді»,- деді қала прокуроры.

«Халық заңгері» акциясы өз жұмысын жалғастырып, әрбір азаматқа кәсіби көмек пен өз құқықтарын қорғау мүмкіндігін ұсынатын болады.

«Халық заңгері» жобасы бүгінде халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру мен азаматтарды құқықтық қолдаудың сұранысқа ие және тиімді алаңына айналды. 2016 жылдан бастап республика көлемінде өткізіліп келе жатқан бұл акция аясында азаматтарға білікті заңгерлер мен мемлекеттік органдардың басшылары тегін кеңес береді. Акция форматының Қазақстанда ғана емес, сондай-ақ ауқымы мен географиясы бойынша әлемде теңдесі жоқ екенін айта кеткен жөн.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Алтынтөбе тұрғын алабын газбен қамтамасыз ету жобасы аяқталуға жақын
  • В Шымкенте прошла республиканская акция «Народный юрист»
  • Қазақстан мен әлемнің жетекші университеттері стратегиялық серіктестікті нығайтуда
  • Қазақстанның білім беру кеңістігі жаһандық деңгейге қадам басуда
  • Қазақстан – академиялық білім аймағы: халықаралық серіктестік жаңа деңгейде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер