Медицинада жаңа белес

image.png

Шымкент қаласында денсаулық сақтау саласын дамыту бағытында жүйелі жұмыстар атқарылып келеді. Солардың бірі №1 қалалық клиникалық аурухана ғимаратын жаңарту жобасы. 1971 жылы пайдалануға берілген бұл нысан бүгінде ауқымды күрделі жөндеуден өтіп жатыр. Құрылыс жұмыстары 2025 жылы толық аяқталады деп жоспарлануда. Аурухана Металлистов көшесі, №1Б мекенжайында орналасқан.

Қала әкімінің орынбасары Сәрсен Абайұлының айтуынша, жобаның жалпы құны 2,9 миллиард теңгені құрайды. Бұл қаржы ғимараттың техникалық инфрақұрылымын толық жаңартуға, медициналық жабдықтарды жаңғыртуға және пациенттерге барынша жайлы жағдай жасауға бағытталған.

Бүгінде аурухананың жалпы ауданы 26 674 шаршы метрді қамтиды және 530 төсек-орынға арналған. Күрделі жөндеу жұмыстары аяқталған соң, мекеме халықаралық санитарлық стандарттарға сай жаңа кейіпке енбек. Заманауи инженерлік жүйелер, энергия үнемдейтін технологиялар және жаңа медициналық құралдар орнату жоспарланған. Бұл өз кезегінде дәрігерлердің жұмыс тиімділігін арттырып, тұрғындарға көрсетілетін медициналық көмектің сапасын жаңа деңгейге шығарады.

Аурухана тек ғимаратты жаңарту емес, медициналық тәжірибеде де айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізуде. Жуырда №1 қалалық клиникалық аурухананың уролог-дәрігерлері алғаш рет перкутандық лазерлік нефролитотрипсия отасын сәтті орындады.

1989 жылы туған науқас бірнеше жыл бойы несеп-тас ауруымен сырқаттанып, бұрын түрлі оталардан өткен. Дегенмен, бұл жолы шымкенттік дәрігерлер заманауи минималды инвазивті әдісті қолданып, күрделі операцияны сәтті жүзеге асырды.

Перкутандық нефролитотрипсия  әдісінің ерекшелігі ота кезінде тері арқылы бар болғаны 1 сантиметрлік тілік жасалып, лазер және эндоскопиялық құралдардың көмегімен бүйректегі тас толық жойылады. Бұл тәсіл қазіргі таңда әлемдік медицинада несеп-тас ауруларын емдеудің «алтын стандарты» ретінде мойындалған. Операцияның басты артықшылығы  жарақаттың аз болуы, отадан кейінгі оңалту мерзімінің қысқалығы және науқастың тез сауығуы. Нәтижесінде, отадан кейінгі келесі күні-ақ пациент өздігінен жүріп-тұра алған.

Бұл  №1 қалалық клиникалық ауруханасында алғаш рет жасалған операция. Мамандардың айтуынша, мұндай жетістік Шымкенттегі урологиялық қызметтің жаңа деңгейге көтерілгенін көрсетеді. Қазіргі таңда аурухана ұжымы жоғары технологиялық емдеу әдістерін игеріп, науқастарға халықаралық тәжірибеге сай көмек көрсетуді басты мақсат етіп отыр.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Мамандық таңдау - маңызды қадам!
  • Студенттер «Asia Trafo» зауытына экскурсия жасады
  • Шымкентте көшелерге жаңа бағыттаушы белгілер мен QR-жүйе орнатылады
  • Қала қысқы ойындарымен жылына жаңалық әкеледі
  • Өмір сыйлаған ота
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер