Жас маманға жол ашқан бағдарлама

image.png

     Шымкент қаласында жас мамандарды қолдау және олардың еңбек нарығына бейімделуін жеңілдету мақсатында «Жастар практикасы» бағдарламасы белсенді жүзеге асырылуда. Бұл бағдарлама жас мамандарға алғашқы кәсіби тәжірибе алу, өндірістік процестермен танысу және тұрақты еңбек тәжірибесін жинауға мүмкіндік береді.

    Биыл мегаполисте 2 251 жасты «Жастар практикасы» арқылы жұмыспен қамту жоспарланған. Қазіргі таңда мемлекеттік қолдау шеңберінде 1 592 жас маманға жолдама берілді.

    №5 колледжде тоқымашы-оператор мамандығын меңгеріп шыққан Асхат Құнанбай Enbek.kz порталы арқылы жұмыссыз ретінде тіркелген болатын. Аудандық мансап орталығының жолдамасымен «Назар Текстиль» кілем тоқу фабрикасына «Жастар практикасы» бағдарламасы арқылы жұмысқа орналасқан.

– Қазір фабрикада сүйікті мамандығым бойынша оператор болып жұмыс істеймін. Жұмысым өзіме ұнайды. Ұжымдағы жастардың көптігі қуантады. Фабрикада еңбеккерлерге тасымал қызметі мен ыстық тамақ қарастырылған. Жастарға мемлекеттік бағдарлама арқасында осындай мүмкіндік беріліп отырғаны бізді жігерлендіре түседі – дейді Асхат Құнанбай.

    Кілем тоқу фабрикасының оператор маманы – тек өндірісті басқарушы ғана емес, сапалы өнім жасауға жауапты кәсіби маман. Бұл мамандық еңбек нарығында тұрақты сұранысқа ие болып, жастар мен жаңа мамандар үшін кәсіби тәжірибе мен өсу мүмкіндігін береді. Әр оператор – өндірістің тиімділігі мен сапасының кепілі, кәсіби шеберлік пен адал еңбектің үлгісі.

Кілем тоқу фабрикасының операторы заманауи тоқыма жабдықтарын басқарып, өндіріс процесін бақылап, өнім сапасын қамтамасыз етеді. Оператордың басты міндеттері:

• Тоқыма машиналарын іске қосу, басқару және техникалық қызмет көрсету;

• Өндіріс барысын бақылау, ақауларды дер кезінде анықтап, түзету;

• Өнімнің сапасын қатаң бақылау, стандарттарға сәйкес келуін қамтамасыз ету;

• Жұмыс орнының қауіпсіздігі мен санитарлық нормаларды сақтау.

    «Жастар практикасы» бағдарламасымен қатар биыл Шымкентте «Алғашқы жұмыс орны» жобасы да жүзеге асырылуда. Осы бағытта 1 161 жасты қамту жоспарланса, бүгінде 330 жас маман алғашқы жұмыс орнына жолданған.

    Бағдарламаларға қатысу үшін жастар Enbek.kz порталына жұмыссыз ретінде тіркеліп, аудандық мансап орталықтарынан мәлімет ала алады.

    Асхат Құнанбайдың тәжірибесі – мемлекеттік бағдарламалардың нақты нәтижесін көрсететін үлгі. «Жастар практикасы» жастарға өз кәсіби жолын бастауда сенімді қадам жасауға мүмкіндік береді. Шымкент қаласында жүргізіліп жатқан осындай жобалар жастарды жұмыспен қамту мен еңбек нарығына бейімдеудің тиімді жолы болып отыр.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Колледж студенттері «Стандарт Цемент» кәсіпорнында болды
  • Жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету – цифрлық дамудың негізгі бағыты
  • Кәсіпкерлерді қолдау – экономиканың дамуына серпін береді
  • Шымкент - инвесторларға қолайлы қала
  • ҰЛТТЫҚ КИІМ – ҰРПАҚҚА МҰРА
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер