Шымкентте «Аlsera kz» жылыжай кешенінде алғашқы қызанақ өнімі жиналды

image.png   

       Шымкентте «Alsera KZ» жылыжай кешенінің ашылуы аясында алғашқы қызанақ өнімі жиналды. Іс-шараға ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров, қала әкімінің бірінші орынбасары Айдын Кәрімов, Түркия Республикасының Түркістан қаласындағы Бас консулы Левент Гюржан және басқарма төрағасы Иззет Гарих бастаған «Alarko Holding» өкілдері қатысты.

    ҚР Ауыл шаруашылығы министрі сөйлеген сөзінде бұл жобаның жүзеге асуы ірі инвестиция тарту және мемлекет пен бизнес арасындағы тиімді әріптестіктің нәтижесі екенін атап өтті. Айтуынша, жоба – инвесторлардың Қазақстан экономикасына жоғары сенімінің және оның тұрақты дамуына деген сенімділіктің нақты дәлелі.

      «Alsera KZ» жылыжай кешені толықтай заманауи цифрлық және автоматтандырылған технологиялармен жабдықталған. Бұл жоба еліміздегі ең ірі жылыжайлардың бірі ғана емес, сонымен қатар өңірдің ауыл шаруашылығын жаңа деңгейге көтеретін маңызды жобалардың бірі дейді министр. Сонымен қатар, азық-түлік қауіпсіздігін нығайтып, экспорттық әлеуетін арттыруға мүмкіндік бермек. «Қазақстан бойынша жылыжай кешені 1320 гектар. Оның 500 жартысын сіздер өздеріңіз жасайын деп отырсыздар. Осы жобаны аяқтап бітіру керек. Жақсы, сапалы өнім алу керек. Сосын ішкі нарыққа ғана емес, сыртқы нарыққа рұқсат береміз. Экспорт жасау керек. Мұндай ынтымақтастық тәжірибе алмасуға, технология енгізуге және аграрлық сектордағы тауар айналымын арттыруға зор мүмкіндік береді. Бірлескен жұмыс азық-түлік қауіпсіздігін күшейтіп, ауыл шаруашылығы өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттырады деп сенеміз. Мемлекет жобаның барлық кезеңінде инвесторларға қажетті қолдау көрсетуге дайын»,— деді министр.

     Құны 650 миллион  АҚШ долларына бағаланған «Alsera KZ» жылыжай кешенінің құрылысы өткен жылдың жаз айында басталған. Инвесторлар бір жыл өте 14 гектар аумақтың құрылысын аяқтап, алғашқы қызанақ өнімін алды. Бұл біз үшін үлкен көрсеткіш дейді министр.  Оның айтуынша, ауыл шаруашылығы саласын қолдауға 1 триллион теңге көлемінде қаржы бөлінді. Бұған қоса, ашаруаларға  500 миллиард теңге көлемінде субсидия қарастырылған.  «Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Кемелұлы ауылшаруашылық саласының дамуына, осы салаға инвестиция тартуға өте үлкен көңіл бөлуде. Сондықтан, мемлекет тарапынан, барлық жағдай ауыл шаруашылығының дамуына жағдай жасалған. Қолдау жағына келсек, 25 жылға біз налогтан босатып жатырмыз. Осы инвесторларды Қазақстанға тартуға. Бұл жәй Қазақстанның ақшасына істеліп жатқан жоқ. Бұл тікелей шетелден келген инвестиция»,- деді министр.

    Сонымен қатар «Alsera KZ» жобасы аясында халықаралық стандарттарға сай зертханасы бар агроакадемиялық орталық салу көзделген. Бұл орталық өңірдің аграрлық саласы үшін білікті мамандарды даярлауға мүмкіндік береді. Бұдан бөлек, инвесторлар тарапынан балабақша салу да жоспарланған деді қала әкімнің бірінші орынбасары Айдын Мейрамбекұлы. Ол  инвесторларға заманауи жылыжай кешенін салғаны үшін алғыс білдіріп, Мемлекет басшысының инвестиция тарту және өсімдік шаруашылығына су үнемдейтін алдыңғы қатарлы технологияларды енгізу жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыруда жобаның стратегиялық маңызын атап өтті. «Бұл – еліміздегі ең ірі жылыжай кешендерінің бірі ғана емес, сондай-ақ өңірдің ауыл шаруашылығын сапалы жаңа деңгейге көтеретін бастама. Жоба Шымкенттің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, экспорттық әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді. Қала тарапынан  қолдау мен мүмкіндіктер жасалып жатыр. Жасалады да. Алда екінші кезең 450 гектар бар. Оны да біріге отырып, игереміз деген ниетіміз  бар. ТМД кеңістігіндегі үлкен жылыжай ғана емес, еліміздің тамақ өнеркәсібі, агроөнеркәсібі саласындағы стратегиалық маңызды қадам», — деді Айдын Кәрімов.

    Сонымен қатар қалалық әкімдік мұндай ірі жобаларды толық қолдайтынын және инвесторларға жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді. 

   Еске сала кетсек,  кешеннің жалпы аумағы — 650 гектар, бірінші кезең — 208 гектар.Жалпы жыл соңына дейін 40 гектар аумақтағы құрылыс аяқталып, өндіріс көлемін ұлғайтуға және ішкі нарықты жаңа піскен көкөніспен қамтамасыз етуге мүмкіндік туады. Бірінші кезең іске қосылғаннан кейін шамамен 2 мың жұмыс орны, ал жоба толық аяқталған соң 5 мың жұмыс орны ашылады.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Көрінбейтін, бірақ аса жауапты қызметтің иесі
  • 26,7 тыс. человек получили дополнительную поддержку с применением скоринговой модели
  • Өнер және білім саласында жасанды интеллектті қолданудың өзекті мәселелері талқыланды
  • Юнисеф жастарының хабы ашылды
  • Еңбекші ауданында цифрлық қауіпсіздік бойынша түсіндіру жұмыстары өтті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер