Қала әкімі Ғ.Сыздықбеков Корея республикасының Алматы қаласындағы бас консулымен кездесті

image.png

     Соңғы жылдары Шымкент қаласы Қазақстанның үшінші мегаполисі ретінде халықаралық экономикалық байланыстарды кеңейтуге басымдық беріп келеді. Соның ішінде Корея Республикасымен (Оңтүстік Корея) орнаған ынтымақтастық аймақтың инновациялық әлеуетін арттыруға, инвестиция тартуға және жоғары технологиялар негізіндегі өндірістерді дамытуға жаңа мүмкіндік туғызуда. 

     Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғ.Сыздықбеков Корея Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы Ха Тэ Ук мырзамен кездесті. Әкім оны жақында дипломатиялық қызметке тағайындалуымен құттықтап, Қазақстан мен Корея Республикасы арасындағы сенімге, өзара құрмет пен көпжылдық достыққа негізделген жоғары деңгейдегі ынтымақтастықты атап өтті. 

     Кездесу барысында екі ел арасындағы әріптестікті одан әрі дамыту мәселелері талқыланды. Әсіресе екі тарап инвестиция, өнеркәсіп, туризм және мәдени-гуманитарлық байланыс саласындағы серіктестікті нығайтуға баса назар аударды.  

     Сондай-ақ Шымкент қаласында бірлескен жобаларды жүзеге асыруға корей компанияларын тарту және олардың тиімді жұмыс істеуіне қолайлы жағдай жасау бағытында пікір алмасты. 

      Бұдан бөлек, кездесуде Шымкент пен Ульсан қалалары арасында бауырлас қала қарым-қатынасын орнату мүмкіндіктері қарастырылды. Қала әкімі биыл мамыр айында іске қосылған Шымкент – Сеул тікелей әуе бағытының маңыздылығын ерекше атап өтті. «Бұл – екі ел арасындағы экономикалық және туристік байланыстарды нығайтудағы маңызды қадам. Сонымен қатар, бизнес және мәдени ынтымақтастықты жандандыруға зор серпін береді»- деді әкім өз сөзінде.  

     Сонымен бірге қала басшысы Шымкентте жеті мыңнан астам корей этнос өкілдері тұратынын, олардың қаланың дамуына және достықты нығайтуға елеулі үлес қосып келе жатқанын да айтты. Қала әкімі бұл бағытта Шымкент қаласындағы корейлер қауымдастығы маңызды рөл атқарып, ұлттық дәстүрлерді сақтап, мәдениетаралық ынтымақтастықты дамытуға атсалысып келетініне де атап өтті. 

     Қала басшысы кездесу соңында екі ел арасындағы аймақтық деңгейдегі ынтымақтастықты нығайтуға, бірлескен жобаларды жүзеге асыруға және Қазақстан-Корея қарым-қатынасының дамуына жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін білдірді.   

     Шымкент қаласы мен Корея Республикасының іскерлік қарым-қатынасы — инновациялық даму, инвестиция тарту және халықаралық интеграцияның маңызды бағыты. Оңтүстік Кореяның технологиялық тәжірибесі мен Шымкенттің өндірістік-инфрақұрылымдық әлеуеті бірігіп, өңірдің жаңа экономикалық мүмкіндіктерге жол ашуына ықпал етуде. Бұл әріптестік — болашаққа бағытталған, стратегиялық маңызы жоғары серіктестік.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Көрінбейтін, бірақ аса жауапты қызметтің иесі
  • 26,7 тыс. человек получили дополнительную поддержку с применением скоринговой модели
  • Өнер және білім саласында жасанды интеллектті қолданудың өзекті мәселелері талқыланды
  • Юнисеф жастарының хабы ашылды
  • Еңбекші ауданында цифрлық қауіпсіздік бойынша түсіндіру жұмыстары өтті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер