Халықаралық семинар - практикум өтті

image.png

    Шымкентте аспаздарға арналған тәжірибелік семинар жалғасуда. Енді бұл салаға да жасанды интеллект жүйесі енгізіледі. Қаладағы «Тамақтандыру индустриясы және сервис» колледжінің мамандары аспаздарға  «WorldSkills»  сайысына дайындықтарын жетілдіруге керемет мүмкіндік беріп отыр. Семинар практикумға Ресей, Беларуссия және Түркиядан арнайы тәжірибелі мамандар шақыртылған. Айта кету керек, олар әрі халықаралық сарапшылар. 

    «Біліктілігін арттыру орталығымен бірге «Туризм және қонақжайлық индустриясы» колледжімен бірлесе отырып, оқу орнымызда «Болашақтың кәсіби дағдылары, жасанды интеллект дәуірінде тамақтандыру ұйымдары мен қонақжайлылық пндустриясы мамандықтарына қажетті құзіреттер» тақырыбында халықаралық семинар практикум өтуде. Іс-шараның негізгі мақсаты  «WorldSkills» стандарттарын меңгеру, дуальды оқыту арқылы білім беру ұйымдарымен жұмыс берушілер арасында байланысты күшейту, тәжірибелік модульдер арқылы мамандардың кәсіби шеберлігін халықаралық деңгейде дамыту»,- дейді колледж директоры Маржангүл Жақсықұлова.  

    Колледж болашақ аспазшыларды, сондай-ақ кондитерлерді дайындайды. Техникалық білім беру мекемесінің мамандары тәжірибеалмасу барысында жаңа, тың ақпараттарды алған. Әрі жасанды интеллектпен жұмыс жасау барысын үйреніп отыр.  «Біз студенттерді халықаралық  сайысқа дайындап жатырмыз. Бірақ бүгінгі қосымша шеберлік сыныптардың арқасында жаңа дүниелермен таныстық. Оларды дамытып, міндетті түрде өз модульдерімізге енгізетін боламыз. Әр жолы жаңалық енгізіп отыру керек. Ол қосымша арқылы болуы мүмкін. Семинар барысында кейбір қосымшалармен жұмыс істеуді үйрендік. Ол да біз үшін үлкен жеңілдік болды. Әрине оны өз кәсібімізге енгізіп, одан әрі жұмыс істейміз»,- дейді  өндірістік оқыту шебері Дильбар Реджаметова.  

    Эксперттердің сөзінше  отандық аспаздардың деңгейі жоғары. Әрі оларды сайыстарда қарсылас есебінде көреді. Дегенмен халықаралық чемпионатта шатасу қаупі әрдайым бар екенін айтады. Сондай-ақ бұл практикумдағы дәрістер аспаздардың білімін жаңартуға көмектеседі дейді сарапшылар. «Аспаздардың дайындау техникалары маған қатты ұнады. Әрине, аздаған қателіктер бар. Бірақ  олар жеткілікті деңгейде дайындалған ұстаздар. Егер олар менің бәсекелестерім болса мен қуанышты болар едім. Өйткені қарсыласың мықты болса, сен де мықтысың. Әлсіздермен байқауға қатысу онша қызық емес. Біз білетін кішкентай құпияларды адамдарға жеткізуге тырысамыз. Бұл оларға жұмыста өте қажет болады. Сондай-ақ біз оларды өз студенттерін мотивациялау үшін шабыттандыруға тырысып жатырмыз. Жарыс кезінде егер бір нәрсе сәтсіз шықса да бәрібір тағамды ұсыну керектігін түсіндірдік. Өйткені тағам ұсынылмаса баға нөл болып қалады. Ал бұл үлкен минус»,- дейді халықаралық сарапшы Светлана Алешина.       

    Гүлден Ералхан колледжің  3 курс студенті. Ол наубайханашы мамандығында білім алып жүр. Бойжеткен алдағы   «WorldSkills»  сайысына дайындалып жүргенін әрі халықаралық мамандардың дәрісінен өтіп, біліктілігін арттырғанын алға тартуда.  «Біздің колледжге басқа елден мамандар келіп, бізге шеберлік сыныптарын өткізгендері үшін алғысымды білдіргім келеді.   Осы семинарға қатысып, көптеген жаңашылдықтарды үйрендім. Сайысқа деген шабытымды, сенімділігімді арттырды. Осы жерде үйренгендерімді сайыста қоладанамын деген үміттемін»,- дейді ол.           

     Тәжірибе 3 күнге созылды. Студенттер әр күні әр түрлі тағамдарды халықаралық сарапшылармен бірге әзірлеп үйренді. Айталық практиканың 3 күні «Аспаз ісі» және «Кондитер ісі»  құзіреттіліктері бойынша өтіп, онда  жүгері-асқабақтан жасалған крем-сорпа, екі түрлі гарнир және соуспен ұсынылған рибай стейк, «Жемісті антрeме» секілді тағамдарды дайындады. 

      Сондай-ақ аталған іс-шара барысында жоғары курстың студенттер де бірінші курстың студенттеріне дәріс өтті. Мысалы өндірістік оқыту шебері Алтынбек Қуаныш Ерланұлымен бірлесіп,  3 курс студенттері Буранов Тахир және Балтабай Елмұратпен бірлесе отырып бірінші курс студенттеріне «Тартелини с винным соусом, мусс с пармезана», «Рубиновая нежность: вырезка с айвой и броколли» тақырыбы бойынша танымдық шеберлік сабағын өткізді. Студенттер өздерінің дағдыларын көрсетті, WorldSkills стандарттары бойынша тағам дайындау технологиясының қыр-сырын ашты, сондай-ақ құнды тәжірибелерімен және кәсіби құпияларымен бөлісті.Мұндай іс-шаралар курстар арасындағы сабақтастықты нығайтады, мамандыққа деген қызығушылықты арттырады және болашақ аспаздардың кәсіби құзыреттілігін дамытуға көмектеседі.         

    Семинар соңында қатысушылар халықаралық стандарттарды меңгереді әрі оларға арнайы сертификаттар да табысталады.   

    Айта кетсек, бұл колледжде тәмамдаған түлектер сұранысқа ие мамандарға айналған. Басым көпшілігі жеке кәсібін ашып, жастарды да жұмыспен қамтып отыр. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкенттің болашақ наубайшылары топ жарды
  • Қызметіне адалдық пен жауапкершілік өмірлік ұстаным
  • Адам бейнесін өнерге айналдырған маман
  • Аспаздық – жүрекпен таңдалған кәсіп
  • Қызмет пен отбасы құндылықтарын тең ұстаған жан
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер