Балалар теміржолы қайта ашыла ма?

hqdefault.jpg    

Қала әкімі Ғ.Әбдірахымов «Нұр Отан» партиясы Шымкент қалалық филиалының кезекті ХХХV есеп беру-сайлау конференциясында Шымкенттегі балалар теміржолына қатысты өз ойын білдірді. «Бұл – көптің көңіліндегі мәселе екені рас. Дегенмен, балалар теміржолын әлі де қоғамдық тыңдау өткізіп, көп болып, кеңесіп шешкеніміз жөн деп санаймын. Ол балаларға шын мәнінде қажет пе, бүлдіршіндердің қауіпсіздігі алаңдатпай ма, міне, осы сауалдар сіздердің тараптарыңыздан лайықты шешімін тауып жатса, онда іске кірісейік. Мүмкін, ол жерге веложол салған дұрыс шығар. Мәселен, Орталық стадионнан Дендросаябаққа дейінгі аумаққа арнайы веложол салынса, салауатты өмірге бет бұратын тұрғындардың қатары артар еді. Әзірге бұл жоспарды да қарастырып жатырмыз. Жалпы, қала тұрғындарына айтарым, кез келген мәселе бойынша сіздермен бірлесіп шешуге дайынбыз. Шымкент – ортақ үйіміз. Барлық толғандырған мәселені ортақ мәмілемен шешейік, ұсыныстарыңызды әрдайым ескереміз, – деді қала әкімі.

   Айта кетейік, екі жылдан соң Шымкент балалар темір жолының ашылғанына 40 жыл болады. Бұл атаулы күнге жетпей тот басып, тұралап қалған темір жол кезінде талай балаға қуаныш сыйлап, талай ұрпақтың балалық шағының белгісіндей болып қалған еді. 20 минуттық поездағы саяхатты балалар апталап күтетін.

 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер