8 денсаулық сақтау нысаны қайта жөнделмек

Screenshot_7.jpg

Шымкентте медицина саласында цифрлық жобалар жүзеге асырылып келеді. Мамандардың мәліметінше қаладағы барлық 36 медициналық мекемеге кешенді ақпараттық жүйе енгізіліп, «қағазсыз» жүйеге көшкен. «Дәрігердің қабылдауына жазылу, дәрігерді үйге шақыру және медициналық ұйымға тіркелу секілді ең көп сұранысқа ие 3 қызмет автоматтандырылып, Damumed мобильді қосымшасы іске қосылған. Мегаполис тұрғындарының 97,4%-ның электронды денсаулық төлқұжаттары құрылды, - дейді Шымкент қалалық цифрландыру басқармасының басшысы Айнұр Юсупова. 

 Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше биыл №2 Шымкент қалалық ауруханасы мен қалалық перзентхана күрделі жөндеуден өтеді. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында 8 денсаулық сақтау нысаны қайта жөнделмек. Қаланың шет аймақтарындағы халыққа жағдай жасау үшін жернілікті бюджеттен 11 дәрігерлік-амбулаториялық шағын шағын нысан құрылысын салуға қаржы бөлінген.  Шымкентте кәсіпкер Серікжан Сейітжановтың бастамасымен 1200 төсек орынға арналған көпсалалы аурухана салынады. Оның жанында жаңа медициналық университеттің құрылысы клиникасымен бірге салынатын болады. Айта кетейік, бірінші маусымнан бастап дәрігерлердің жалақылары 30 пайызға көбейді. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Тұранның тұрғындары риза
  • «Таза Қазақстан»: Шымкентте қала тұрғындары мен жастар кең ауқымды экологиялық акцияға белсене қатыс
  • «Таза Казахстан»: жители Шымкента и молодежь приняли активное участие в масштабной экологической акц
  • Еңбек адамы – қоғам қаһарманы
  • Жаңа Салық кодексі бизнес пен әлеуметтік салаға оңатйлы болмақ
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер