Шымкентте бес айда 10 мың 919 нәресте дүниеге келді

WhatsApp Image 2019-07-19 at 08.35.49 (4).jpeg

2019 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша мегаполис тұрғындарының саны 1 млн. 22 мың 449 адамға жетті. Бұл туралы биылғы қаңтар-маусымдағы қаланың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің 6 айлық қорытындыларын баяндаған Шымкент қалалық Статистика департаментінің басшысы Ерназар Құлтаев бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты.

– 2019 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша қала халқының саны 1 млн. 22 мың 449 адамды құрады. Өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда халық саны 20158 адамға көбейді немесе 2,4 пайызға артты. Жыл басынан бері қаңтар-мамыр айларында халықтың табиғи өсімі – 8900 адам. Шымкент республикада сәби туу мен табиғи өсім көрсеткіштері бойынша 4 орында. Былтыр қаңтар-мамырда 10 мың 665 бала туылған болатын. Биыл жыл басынан бері бес айда қала бойынша 10 мың 919 бала дүниеге келді. Қала халық 2,4 пайызға өсті, – деді департамент басшысы.

Республикада халық саны бойынша Шымкент қаласы сегізінші орынды алады. Еліміздің үшінші мегаполисі халық санының тығыз орналасуы бойынша республикада 3 орынды иемденеді. Қалада 1 шаршы шақырымға 852 адамнан келеді. Республика бойынша бұл көрсеткіш орта есеппен 1 шаршы шақырымға 7 адамды құрайды.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер