Сайтбеков Шымкент полициясына оң баға берді

67916029_2283515805294706_8824499532176818176_o.jpg

ІІМ Кадр саясаты департаменті бастығы Айдар Сайтбеков еліміздің үшінші мегаполисіне жасаған жұмыс сапарының қорытындысында Шымкент қаласы Полиция департаментінің Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасының жеке құрамымен кездесті. Кездесуге «Шымкент – Адалдық алаңы» жобасының басшысы Ерасыл Төлебаев және ҚР Президенті жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Айгүл Орынбек қатысып, полиция қызметкерлері мен халық арасындағы кері байланысты орнатудың маңыздылығы туралы сөз қозғалды.

– Полиция қызметкері болу – бұл тәулік бойы жұмыс істеуге және қателесуге құқығы жоқ үлкен жауапты жұмыс! Сондықтан, менің ойымша, әрбір полиция қызметкері патриотизм қасиетіне ие болуы тиіс екенін атап өткім келеді! Бұл өте маңызды, өйткені қызметкер антты қабылдай отырып, ол біздің азаматтарымыздың тыныштығы мен қауіпсіздігіне жеке жауап беретін адам екенін анық көрсетуі тиіс! Біз Қазақстан халқына кейде тіпті ең қымбат өз өміріміздің бағасымен қызмет етуге міндеттіміз! – деді Айдар Сайтбеков.

Кадр саясаты департаментінің бастығы Шымкент қаласының Полиция департаменті қызметкерлерімен атқарылып жатқан жұмыстарына оң баға беріп, жұмыстарына сәттілік тіледі. Алдағы уақытта осындай игі кездесулер жалғаспақ. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әйелдердің белсенділігі – қоғам дамуының айнасы
  • Масылдықты еңбек қана жеңбек
  • Тұранның тұрғындары риза
  • «Таза Қазақстан»: Шымкентте қала тұрғындары мен жастар кең ауқымды экологиялық акцияға белсене қатыс
  • «Таза Казахстан»: жители Шымкента и молодежь приняли активное участие в масштабной экологической акц
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер