Дәрігерлер «Арбатта» тұрғындарға тегін қызмет көрсетті

5d4b9b5b44e7e.jpg

Бүгінде әлемдегі өлім-жітімнің 60 пайызы дұрыс тамақтанбаудың салдарынан орын алуда. Мұның алдын алу үшін «Шымкент қалалық салауатты өмір салтын қалыптастыру» орталығының ұйымдастыруымен халықты дұрыс тамақтанудың маңыздылығы жөнінде ақпараттандыруға бағытталған іс-шара өтті.

Шымкент қаласындағы «Арбат» демалыс аймағында өткен іс-шараға Қазақ тағамтану академиясының қызметкерлері, дәрігерлер және қала тұрғындары қатысып, эндокринолог, диетолог секілді білікті мамандар халыққа тегін кеңестерін айтты. 

– Қазір әлемдегі өлім-жітімнің 60 пайызы осы дұрыс тамақтанбаудың әсерінен орын алып жатыр және түрлі ауруларға шалдықтырады. Ол аурулардың қатарына жүрек қантамырлары аурулары: инфаркт, инсульт, қан қысымының жоғарылауы, ишемия; дұрыс тамақтанбаудан туындайтын семіздік; темір, йод тапшылығы және т.б. жатады. Сондықтан, бүгінгі халық денсаулығын нығайту үшін дұрыс тамақтанудың ережелерін үйрету мақсатында ұйымдастырылған іс-шарада мамандар тегін кеңестер беріп жатыр, – деді Қазақ тағамтану академиясының жетекші маманы Майгүл Сейдуллақызы. 

Акцияға қатысқан қала тұрғыны Кәмшат «Бүгінгі іс-шарадан өзіме, отбасыма қажетті көптеген пайдалы ақпараттар алдым. Осындай акциялар жиі ұйымдастырылып тұрса, халықтың да денсаулығы жақсара түсер еді», - дейді.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Текесу тұрғын алабына 14 шақырым су құбыры жүргізілді
  • Көксайлықтар жаңа пәтерге қоныстанды
  • Көліктің «дәрігері» - автослесарь
  • «Таза Қала» атты профилактикалық іс-шарасы: Тазалық пен тәртіп- басты назарда
  • Президент Антониу Гутерришке алғыс айтты
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер