Шымкентте жақында ұлттық сәлт-дәстүрімізді дәріптейтін қос кітап жарық көрді. Тұсауы кесілген «Дәстүрім-асыл қазынам» атты энциклопедиялық жинақ және «Ұлттық киімдер» альбомы Тұңғыш Президент Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығында дайындалған. «Дәстүрім-асыл қазынам» кітабында ұмыт бола бастаған салт-дәстүрлеріміз, жөн-жоралғымыз, ұлттық ойындар мен рухани мұраларымыз жинақталған. насихаттап, қайта жаңғырту, оны халыққа ұсыну- жинақтың басты міндеті. Қәзіргі жаһандану уақытында тарих қойнауында жатқан асыл қазыналарымызды ұлт игілігіне жарату мақсатында жарық көрген еңбектің құндылығы да осында. Үш үлкен тараудан тұратын энциклопедиялық жинақта ғұрыптар жүйеленіп, тараулар мен бөлімдерге бөлініп қамтылды.
Ал қазақтың ұлттық киімдері жинақталған альбомда кәсіпкерлердің, дизайнерлердің, сән үйлерінің, ЖОО, колледждердің бүгінгі заман талабына сай, күнделікті тұрмыста киюге ыңғайлы ұлттық нақыштағы заманауи ұлттық киім үлгілері ұсынылған. Атап айтсақ-Б.Бейісбеков, Г. Есімбекова,М.Ерімбетов, Г.Дайрабаева т.с.с көптеген дизайнерлер мен қолөнершілердің топтамалары енгізілген.
Шарада Шымкент қаласы маслихатының хатшысы Ғани Ташқараев, «Нұр Отан» партиясының төрағасының орынбасары Бауыржан Қуанышбеков, Шымкент қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы басшысының м.у.а. Әбдіжаппар Сәкен, «Отырар» ғылыми-әмбебап кітапханасының басшысы Күлия Айдарбекова, Шымкент қаласы бойынша «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің меңгерушісі Зәуре Оралбаева кітаптардың тұсауын кесіп, өздерінің жылы лебіздерін білдірді. Кітаптар үш тілде дайындалып, кітапханалар мен қонақтарға сыйға берілді. Шара соңында орталық директоры, мәдениет саласының үздігі Жәнібек Абданбекұлы келген қонақтарға алғысын білдіріп, мұндай шаралардың алдағы уақыттарда жалғасын табатынын айтты.