Қазақстанның тарихы Әл-Фарабиден басталады

Screenshot_12.jpg

Әлемді әбігерге салған індеттің кесірінен биыл біршама ауқымды мерекелер өткізілмей қалғаны баршамызға аян. Талапқа, тәртіпке бағына отырып біз бұл қиындықты жеңіп келеміз. Алайда қоғам үшін Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының ұйымдастыруымен барлық іс-шаралар онлайн өткізіліп, халықпен тікелей эфирде жүздесіп жүр. Бұған дейін де біршама мәдени әрі рухани азық алатын жобалар мен сұхбаттар болған еді. Бұл үйде отырған тұрғындар үшін зор мүмкіндік. Қолыңызда ұялы телефон мен интернет болса болғаны кез-келген іс-шараның көрермені ретінде тамашалай аласыз.

Осындай онлайн шараның бірі Отырар кітапханасында өтті. кен онлайн сұхбаттар көп. Солардың бірі –Фарабитанушы Абдулла Жұмашев  қала тұрғындарына Әбу Насыр Әл-Фарабидің – 1150 жылдығы аясында ғұламаның өмірі мен шығармашылығы жайында сұхбат берді. Ғалым Әбу Насыр Әл-Фараби туралы ой толғап, бүгінгі таңда бабамыздың  еңбектеріне қатысты пікір айтты. «Бұрын Әл-Фараби біреу болса, қазір Отырарда 21 Әл-Фараби бар. Ал оның еңбектері әлемнің әр қиырында жатыр. Біз зерттеу жұмысы бойынша Араб еліне барғанымызда Шығыс баспасынан үлкен терминдер сөздігі мен «Ізгі қала тұрғындары», «Музыкалық трактаттарын» сыйға тартты. Ал оны әкелгенімізбен басты мәселе олар араб тілінде. Ғылыми тәржіма өте қиын дүние. Оларды алып келгенімізбен аудара алмай отырмыз. Бабамыздың бүкіл әлемдегі шығармаларын жинап, өзіміздің ана тілімізге аударып, ғылымның айналасына жіберсе, оқулық ретінде ұсынуға болады. Жалпы, Қазақстанның тарихы Әл-Фарабиден басталады. Сондықтан міндетті түрде аударып, мектеп, ЖОО-на енгізіп, оқыту керек», - дейді Абдулла Жұмашев. Міне, осылайша сұхбатты онлайн тамашалаған көрермен музейдегі сақталып тұрған Әл-Фарабидың еңбектерімен танысып, мағыналы әңгіме тыңдады.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер