Әл-фараби ауданында абаттандыру жұмыстары қарқын алған

Screenshot_17.jpg

Ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының әкімі Ғ.Мәуленқұловтың қатысуымен брифинг өтті. Баспасөз мәжілісінде Ғабит Патшаханұлы аудандағы 7 айда атқарылған жұмыстарды қорытындылап, оның ішінде абаттандыру жұмыстарына тоқталды.

– Аудан аумағында орналасқан 672-і көп қабатты тұрғын үй 400 аулаға біріктірілген. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы аясында 100 көп қабатты тұрғын үйдің аулаларын абаттандыру және балалар ойын алаңшаларын орнату жұмыстары орындалып, жалпы саны 100 аула абаттандырылып, тұрғындардың игілігіне тапсырылды. Ал бүгінде 83 көп қабатты тұрғын үйдің ауласын абаттандыру мен балалар ойын алаңшасын орнату жұмыстары жүргізілуде, – деді Ғ.Мәуленқұлов.

Аудан әкімінің айтуынша, тұрғындардың қолайлы өмір сүруі үшін қөп қабатты тұрғын үй аулаларына жаңа орындықтар, қоқыс жәшіктері, беседкалар, тренажерлық кешендер, заманауи үлгідегі балалар ойын алаңшалары мен ойын элементтері қойылуда. Бұл жұмыстар осы жылдың қыркүйек айында аяқталады.

Брифинг барысында аудан əкімі 18 спорт алаңшасын жөндеуге бюджет есебінен қаржы қаралғанын тілге тиек етті. Одан бөлек, ойын ойнаушыларға қолайлы болуы үшін жасанды газон төсеу барысы қарастырылып, бүгінде 33 ашық спорт алаңшасына жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Баспасөз мəжілісі соңында Ғабит Патшаханұлы Əл-фараби ауданындағы көп қабатты тұрғын үйлердің 71 пайызы жылу маусымына дайын екенін жеткізді.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ұлттық өнімдерді сыртқы нарықта кеңінен таныстыру – елді әлемге танытудың бір жолы
  • Өскелең ұрпақтың бақыты мен берекелі өмірі – ортақ мақсат
  • Қомақты инвестициясыз өркендеу жоқ
  • Сұраныстан түспеген маман
  • Шымкентте мемлекет басшысының жолдауын талқылау жөніндегі кеңес өтті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер