Мұрат Әйтенов: жобалардың саны емес, жұмыстың нәтижесі маңызды

Screenshot_23.jpg

Қала әкімі Мұрат Әйтеновтің төрағалығымен «Шымкент қаласының даму бағдарламасы» аясында Жобалық кеңсенің Басқарушы кеңес отырысы өтті. Жиынның күн тәртібінде басшылардың жобаларды жүзеге асыруға байланысты жеке жауапкершілігін арттыру мәселесі қаралды. Ол үшін «Easy Project» кросс-платформасының KPI ақпараттық-тақтасында көрсеткіштер мен жобаларды жаңарту және толықтыру жұмыстарының уақытылы әрі сапалы орындалуын қадағалау керектігі сөз болды.

Айта кетейік, Шымкент қаласында әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерге қол жеткізу мақсатында биылғы ақпан айында басқару жүйесін оңтайландыруға арналған жобалық кеңсе құрылған болатын. Бұл жұмыс Мемлекет басшысының жыл соңына дейін экономикалық өсімді қалпына келтіру жөніндегі тапсырмасын орындау үшін қолға алынған.

Қала басшысы аталған жобалық кеңсенің негізгі көрсеткіштер мониторингін (KPI) автоматтандыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін онлайн-форматтағы құрал әзірленгенін атап өтті. Бұл құрал жоспарлы және нақты көрсеткіштерді салыстыруға және нәтижеге қол жеткізуге әрбір жобаның тигізген әсерін бағалауға мүмкіндік туғызды.

-Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында мемлекеттік басқарудағы реформаның оңтайлы шешімін айтты. Президент бірінші орынға мемлекеттік басқару, кадр саясаты, шешім қабылдау жүйесі және олардың орындалуы үшін жауапкершілік тәсілдерін өзгерту міндетін қойды. Әкімдік жұмысын жобалық басқару әдістерімен жүргізуге, іске асыруға барынша мүмкіндік беруде. Ал, біз жаңа басқару жүйесін енгізудің дайындық кезеңін аяқтадық. Әкімдік басқармаларының басшылары мен негізгі қызметкерлері ақпараттық жүйеде жұмыс істеуге үйретілген және практикалық дағдыларға ие, -деді М.Әйтенов.

Сонымен қатар, қала басшысы орынбасарларына апта сайын басқарма басшыларымен бірге KPI-мониторды қадағалау және жоспарлы көрсеткіштердің орындалмау қаупі бар басқармалармен жұмыс істеу, нақты жобалардағы мәселелерді анықтау және оларды шешуге көмек көрсетуге тапсырма берді.

–Президент нәтиже процестен гөрі маңызды болуы керек екенін атап өтті. Бізге жобалардың санын көбейтуге ғана жарайтын жобалар қажет емес. Яғни, жобалардың саны емес, жұмыстың нәтижесі маңызды. Сондықтан, жобалық кеңсенің басшысы Асқар Сүлейменовке Басқарушы кеңестің әрбір отырысына жоспарлы көрсеткіштердің нақты орындалуы тұрғысынан ең үздік үш және ең нашар үш басқарманың тізімін беруді тапсырамын. Тиісінше, ең нашар басқарма басшыларына қатысты шаралар қабылданатын болады,- деді қала әкімі.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер