Көп балалы аналарды қабылдады

Screenshot_4.jpg

«Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалында үшінші мегаполистегі көп балалы аналардың тұрғын үй алу мәселесі бойынша отырыс өтті. 

Жиынға «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ж.Бектаева, қалалық партиялық бақылау комиссиясының төрайымы Д.Қожамжарова, қалалық мәслихаттағы «Nur Otan» партиясы фракциясының жетекшісі Б.Төлегенов, қалалық тұрғын үй басқармасы басшысының міндетін атқарушы А.Балықбаев, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Ж.Өтебаева және аудан әкімінің орынбасарлары мен көп балалы аналар қатысты.

Жауапты басқарма басшысы отырыс барысында Шымкент қаласының 2021-2025 жылдарға арналған Даму бағдарламасына сәйкес, 5 жыл ішінде шамамен 3 миллион шаршы метр тұрғын үй пайдалаунға беру немесе 47 мың пәтер салу жоспарланып отырғандығын атап өтті. 

Ал, Партиялық бақылау комиссиясы тарапынан тұрғын үй басқармасына үстіміздегі жылдың наурыз айының соңына дейін қажетті құжаттарды жинақтап, сәуір айының басында кезекте тұрған көп балалы аналарға тұрғын үй беру мүмкіндігі қарастыру туралы ұсыныс берілді. Бұған қоса, кездесуге келген көп балалы аналарға тұрғын үй кезегіне тұру және берілуі бойынша қолданыстағы Заңдарға сәйкес түсіндірме жұмыстары жүргізілді.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жедел жәрдем қызметіне 30 жаңа автокөлік табысталды
  • Шымкенттің 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті бекітілді
  • Соңғы 3 жылда Шымкент экономикасына 2 трлн теңгеден астам инвестиция тартылды
  • Студенттер зауыт жұмысымен танысты
  • Жұмысшы мамандықтар жылы: еңбек адамын дәріптеген маңызды кезең
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер