Жас буын сарбаздарға қарап бой түзейді

Screenshot_13.png

Шымкент гарнизонының әскери полиция бөлімі «Тоқта және сөйлес» акциясын ұйымдастырды. Акция барысында әскерилер арасындағы өзара әрекеттесу, көмектесу мен қолдаудың деңгейін көтеру, сондай-ақ, түрлі келіспеушіліктерді болдырмау негізінде құқықтық сауаттандыру жұмыстары жүргізілді. Аталған жұмыстарды іске асыруға әскери бөлімдер мен әскери қалашық тұрғындары, гарнизонға қарасты әскери бөлімдердің әйелдер кеңесі де атсалысты.

Бұл іс-шараны ұйымдастырудағы негізгі мақсат – ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық және Қылмыстық кодекстердің баптарында көзделген заңдылықтарды кеңінен түсіндіру. Атап айтқанда, отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қарсы іс-әрекеттер, ұсақ бұзақылық, алкогольдік ішімдіктер ішу немесе қоғамдық орындарға мас күйінде келу, белгіленбеген орындарға қоқыс қалдыру, қоғамдық тәртіп пен жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын әрекеттер бойынша жауаптылықты ескерту сынды қағидалар.

Жалпы, әскерилер Ата Заңда көрсетілген ережелерді құрметтеу, заң аясынан тыс әрекеттерге бармау арқылы қоғамға үлгі болуы тиіс. Бүгінгі жеткіншек те, келешек ұрпақ та сарбаздарға қарап бой түзейді. Сондықтан әскерилер жан-жақты дамып, ұлттық құндылықтар мен тәртіпті бойына сіңіріп өссе, айналасына тегіс үлгі бола алады.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер